Бәсекелес дейміз бе, әлде....

Бәсекелес дейміз бе, әлде....
жеке
блог

Қазақстан және Өзбекстан "Орта Азия" елдеріндегі ірі мемлекеттерге жатады. Екі елдің  тарихы бір, Түркі тілдес түбі бір туыстас елдер. 

Енді екі ел туыс ел болса да бір-бірімен бәсекелестігі қай заманнан келе жатырған үрдіс. Көбіне Өзбекстан тарапынан бәсекелестік басым сияқты көрінеді.

Мысалы, Алматыда 1970 жылы Республика Сарайы 3000 орынға арналып салынса,

Ташкентте 1981 жылы "Истиклол" атты Республика сарайы ашылады. Сыйымдылығы 3900 орынға арналып "Орта Азия" елдеріндегі ең үлкені болып есептеледі қазіргі таңда.

Алматыда 1975-1983 жылдар аралығында  "Көктөбе теледидарламалық мұнарасы" салынды. Биікті 371,5 метр.

Ташкент шахарында 1985 жылы "Теледидарламалық мұнарасы" салынды. Биіктігі 375метр. Қазіргі уақытта "Орта Азия елдеріндегі ең биік "Телемұнара" болып саналады.

Алматыда 1970 жылы "Алматы циркі"  ашылды. Сыйымдылығы 2160 орын.

Ташкентте 1975 жылы "Ташкент циркі" 2500-орынмен салынып Алматы циркінен асып түсті.

Алматы метросы 1988 жылы басталып 2011 жылы 1-линия ашылды. Әзірге ұзындығы 8,5км . 

Ташкентте 1977 жылы Орта Азия елдеріндегі алғашқы Метрополитен ашылды. Жалпы ұзындығы 36км.

Қазақстан мақта шаруашылығында әлем бойынша 17-орында

Өзбекстан 6-орында

Астанада 2009 жылы "Астана арена" 30 000 орындық стадион ашылды.

Ташкентте 2008-2012 аралығында "Бунедкор" футбол команда атындағы стадионның құрылысы аяқталып 2012 жылдың 28 қыркүйек күні ашылу салтанаты болды. Сыйымдылығы 34 000 орын.

 

Қазақстанның озық тұстары әрине бар, оларды тізіп "бәсеке" қылмайын дедім.