Автобустағы ой..

Студент болған соң ары-бері көп шапқылаймын... Қоғамдық көлікке көбіне күндіз мінетінмін, бүгін кешқұрым темір жол вокзалынан автобусқа отырғам. Халық нөпірі де біршама, бәлкім жұмыс күні болғандықтан болар. Бірі мініп, бірі түсіп жатыр... Қарсы алдымда бір келіншек ұйқтап отыр, артыма бұрылып қарасам тәтті ұйқы тағы біразының көзін іліпті. Иә, жұмыстан шаршаған, жүздері солғын тартқан. Бала-шағаның қамы үшін деп жүрген жұмсақ жүректі жандар ғой. Жетістік дегеніміз, күнбе-күн қайталанып жатқан әрекеттер жиынтығы. Сіздердің тынымсыз-тіршілігіңіз ел экономикасының жақсаруы деп білемін. Астына темір тұлпар мініп жүру маңызды емес, маңыздысы, өз қамын жасап өзгеге масыл болмау деп ойлаймын! Еңбек еткендердің өзгеге алақаны жайылмайды, олар ел экономикасының өсуіне өз септігін тигізеді. Сол себепті де еңбектенейік, бейнеттің зейнетін өзіміз көреміз!



Бөлісу: