Математика...

Авторы: Батырхан Сәрсенхан

Теңдеу үшін келетін қайта туғым,

Жүргенім жоқ өзімде құмартып-ақ.

Бірақ содан бес алып қайтатынмын,

Есебімді қыздарға шығартып ап.

 

Жылдар ақты,жұлдызым жанбай қалып,

Арзандау қулығым да айыпталды.

Қалжыраған мұғалім шалға айналып,

Қатал өмір есебін жайып салды.

 

Қажеті жоқ өткенге еш өкпенің,

Қарға милы басымды ақтай берем.

Бірақ та, сол өмірдің есептерін,

Шығартуға тірі жан таппай келем.

 

Айт емін,ақыл есім кемдеу ме еді,

Қайтемін кілті сөнген мың құлыпты.

Тағдырдың түйдек-түйдек теңдеулері,

Тым қиындау екенін кім біліпті.

 

Өне бойы күтем де күн батқанын,

Өздігінен сенбеңдер сөнер десе.

Өрнектелген өмірдің жұмбақтарын,

Өлеңменен шешемін мен ендеше!



Бөлісу: