Наз.

Наз

Шабытың шарықтаса шаттанар кім?

Жұп-жұмыр жырыңды оқып бақ табармын.

Мен жүрмін өлең оқып таңға жуық...

Жүрсің бе жыр жазып сен батқан әр күн?

 

Қара түске боялды көгі үміттің,

Көңілдегі күйбеңге көміліппін.

Бүгін тағы ұйқыдан тұрғым келмей...

Түсімде кеп қалар деп Сені күттім...

 

Сағыныштың сабағын үзбек керек,

(Деп ойлаймын: сағынса іздеп келед).

Қуанып жүр ма екенсің...

Ал мен жүрмін!

Қабағы қатулы бұл Күзге өкпелеп...

Әлия. Күз,2013.



Бөлісу: