Мен өмірге ғашықпын...

Мен өмірге ғашықпын...
жеке
блог

Мен өмірге ғашықпын, білесің бе?

Мен өмірге ғашықпын, ғашық жанға,

Өмір маған сыйлаған Жаратқанға.

Білесің бе ей достым білесің бе?

Ғашық болу өмірден басталған ба?

 

Ғашықпын нұрлы күннің шуағына,

Арай беріп, сәуле төккен жаныма.

Шын ғашықпын, Тәңірім ау ала таңға,

Бақыт сыйлап, бөлей тұғын шапағына.

 

Жүргенде күнде ойнап жер бетінде, 

Сезбейді талай жандар сені неге?

Білер бәлкім, айлы түнге орап батсаң,

Алайда, керемет қой айлы түнде.

 

Ей, өмір тамсандырған талайын,

Жарыстырған пенделікпен маңайын.

Саған ғашық мынау әлем, кейбіреу,

Сезбейді ғой ғашық болған талайың.

 

Қол ұстасқан қос ғашықта сен үшін,

Тұлпар мініп бәйге алғанда сен үшін.

Бәрі бәрі білесің бе ей өмір,

Жасап жатыр тіршілігін сен үшін.

 

Қуантып жүр өмірім қуанып жүр,

Сен мұңайсаң, көңілсіздік басады бір.

Сенімен ғана бір болайын мәңгілік,

Бақыт сыйла, ғашықтығыңды сездіріп.