Қырсық қыз

Сараң ойды ұялатпай санаға,
Өтіп жатыр, көрінгенмен ұрсып КҮЗ.
Мен тұратын мына жатақханада,
Тұрады екен моп-момақан, ҚЫРСЫҚ ҚЫЗ.

Күздің жайы көпке мәлім, белгілі,
Қыздың атын білмейсіңдер алайда.
Менің ойым алға қойған ендігі,
Қырсық қызбен бірге болу қалай да.

Қарашаның жетісі,
ҚазҰУ.
Жастар қаласы.
шатаспасам сағат 8, әлде 9 шамасы,
Журналистер жатағы нөмірленген беспенен,
Бұл жырымда барлығын ұмытпаймын, ескерем.

Кім біледі?
Мына менің бағым ба?
әй, Қырсық ҚЫЗ, айықтырдың бар мұңнан,
Айға ғашық болып жүрген шағымда,
Күн боп шықтың күлімсіреп алдымнан.

            Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН



Бөлісу: