Төріңді бер Ей тәкаппар тіршілік!

 Әлсіз ана,ақылсыздау бір әке

 Сыртқа тепті шаранасын шарасыз.

 Тағы міне тіршілікте бір сәби

 Тірі жетім болып қалды анасыз.

 

 Жарып шықты анасының жатырын,

 Өгейсіткен өміріне өкпелеп.

 Жүрегі тас анасына тіл қатты

 Өтінемін мені сыртқа теппе деп.

 

 Ей,адамзат естеріңді жиыңдар,

 Талай сәби қалып жатыр тұншығып.

 Жанталсқан бір бейкүнә жетімге

 Төріңді бер,Ей тәкаппар тіршілік!



Бөлісу: