АДАМ атыңа кір келтірме!

АДАМ атыңа кір келтірме!
жеке
блог

Сәлем, достар! Блог жазбай кеткенім - сабақтан босамай жүрмін, әрі тың тақырып та табу керек. Содан не керек, сабақта жазған эссемді ұсынып отырмын. Шыны керек, қысқартып тастадым. Жалықтырмас үшін)) Ендеше, кеттік!

Адамзат баласы осынау аппақ әлемнің табалдырығын тұңғыш аттаған сәттен бастап өзінше бір тұлға, өзінше бір қайталанбас дара болып келеді дүниеге. Ал, "адам" бола ма, жоқ әлде адамшылдықтан "ада" бола ма, ол - адамның өзіне байланысты. Алла Тағала адамды жаратқанда ерекше етіп жаратады. Бәлкім, сіздің бойыңызда әншілік не күйшілік, философ һәм дәрігерге тән қасиеттер бар шығар? Бала кезіңізде сіз математик болуды армандап, ер жете келе журналист болғыңыз кеп кетуі де әбден мүмкін. Яғни, таңдауды СІЗ жасайсыз. "Шалқар" радиосының эфиріне шығатын "Кәсіп иесі" атты бағдарламаны тыңдап көрдіңіз бе? Құлақ қойсаңыз, онда өмірлік жарын да, мамандығын да жазбай тапқан талайдың сұхбатына куә боласыз. Мұнымен айтпағым мамандықты дұрыс таңдау ғана емес, сұхбат алуға тұрарлық жан бола білуде. Демек, олар, алдымен "АДАМ" бола білгендер.

Даудың басы -адам болу ең қиын амандық дегеннен басталды. Иә, расымен, "АДАМ" университетінің студенті деген атақ та, сол университеттің "АДАМШЫЛДЫҚ" деген факультетін қызылға бітірді деген диплом да жоқ қағаз жүзінде. Қағаз - адам жүрігіндегі иман. Кір шалдырмай, "өсір" атты өзенді "тағдыр" атты кемемен "Болашақ" аталатын елге дейін аман жүзіп өтуді жазсын Хақ Тағалам. Қанша жерден ЖОО бітірсеңіз де, ол ошақ сізге тәрбие бере алмауы мүмкін. Анаңыздың әлдиі мен әкеңіздің айқайы береді бастапқы тәрбиені. Әрине, егер тыңдарға құлақ, ұғарға көңіл болса... Пәлсафаға толы бұл ғұмыр мені осынысымен қызықтырады, баурайды, құлатады, елжіретеді. Бірақ, бастысы - болашаққа жарқын үміт сыйлайды. Нан тауып жерге жарар мамандығыңызбен қоса, рухани нәр алар азығыңыз - адамшылдығыңыз болсын! Төбеңіз қанша көкке жетсе де, табаныңыз жерді тіресін. Себебі, адам бола білу - ең қиын мамандық. Өмір емтиханынан "2" алмаңыз. Басқасының орны толар. Тек осы тұс бос қалмасын...!