Өзгерген, жаңарған «Саған сенемін. Мой лучший»

Өзгерген, жаңарған «Саған сенемін. Мой лучший»
жеке
блог

     Астана арнасы жаңа мезгілде жаңа маусымды ашық деп жариялайды.  Тек қана отбасылық қызықтан құралған басты думан «Саған сенемін. Мой лучший». Отбасылық ең басты думанның аты өзгермесе де, заты өзгерді.

    Жаңа ережелер мен жаңа жүргізушілер! Таныс болыңыздар.

Енді жұптарды сынауға білек түре танымал шоумен Дәуіт Шайхисламов пен белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева кірісті. Олар Баян Есентаевамен Берік Тұрсынбековтың орнын басты.

     Енді барлығы өзгеше: қиынырақ, көбірек, қауіптірек және көңілдірек болады.

    Талай эстрада жұлдыздарының бағын ашқан Нұрлан мен Сұлтан Қаражігітевтер бізде қонақта. Өмірде де, өнерде де жұптары жазылмаған жандар жас отбасыларға үлгі көрсетті.

    Танымал тележүргізуші Елдар Серікбаев көрермендерге болашақ жарын таныстырды. Жастар қабырғаны аз уақыт ішінде сырлап шығып, отбасылық өмірге дайын екендіктерін көрсетті.

    «Каспий» тобының экс мүшесі, әнші Айбар Серкебаев жары Гауһармен бірге оңашада торт жегенді жақсы көреді екен. «Саған сенемін. Мой лучший» бағдарламасында армандары орындалған жұп, бір жылға дейін тәттіге қарай алмайтындай деңгейге жетті. Леди Гага образын қанша уақытта салуға болады? Айбар Өнер академиясында грим сабағын жіберіп алған күндерін мойындаса да, танымал шетелдік әншінің бейнесін айнытпай сала білді.

     Қызықты да қауіпті махаббат емтиханы жалғасуда. Нағыз таңдаулы отбасылар қатысатын «Саған сенемін. Мой лучший» думанын жексенбі күні, сағат 19.00-де тамашалаңыздар.