Кемел Тоқаевтың 90жылдығына арналған айтулы іс-шара

Кемел Тоқаевтың 90жылдығына арналған айтулы іс-шара
жеке
блог

Бүгін яғни қарашаның 5 жұлдызы күні Қазақстан Жазушылары кітапханасында детектив жанрында қалам тартқан жазушы,Қазақстандағы детектив жанрының негізін салушы,көрнекті қайраткер Кемел Тоқаевтың 90 жылдығына арналған үлкен іс-шара өтті.Ұйымдастырушысы-Қазақстан Жазушылары кітапханасының меңгерушісі Ағайса Елена Жәмелқызы.Іс-шараға Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай,Қалмагер медиа-порталының директоры,ақын Жанарбек Әшімжан,ұйғыр ақыны Ахметжан Әшири,ақын Бүбішхан Тікебаева т.б Кемел Тоқаев туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар ҚазЭУ колледжі мен Заң колледжінің студенттері Кемел Тоқаевтың шығармаларын талдап,мазмұндап берді.Қызықты әңгіме мен керемет кештің куәсі болдық.Осындай игі іс-шара үшін Елена Жәмелқызына шексіз алғысымды білдіремін.Болашақта әлі де керемет іс-шаралардың куәсі болатынымызға сенімім мол...