Мен – наркоманмын
блог
Салем достарым! Жоқ мен анашаға, марихуанаға, қатыққа,крокодилге, героинге (туфф, осының атауларын қайдан білемін-ей) отырған жоқпын. Мен "Массагетке" тәуелді болдым. Тура бір нашақор сияқтымын. Бұған порталға Мақпал отырғызған 3 ай бұрын. Сол уақытқа дейін неге тіркелмедім екен, Массагеттің бар екенін білсем де неге ашып оқымадым қанша қызықтан құр қалыппын ғой. Міне 3 айдан бері Массагетті оқымаған күнім болмаған шығар. Таңертең жұмысқа келгеннен "Массагетті" ашып алып, жұмыстан қайтқанда бір-ақ жабам. Кім не жазар екен, қандай айдарлар бар екен, форум нені талқылады екен, бәрін-бәрін қалдырмаймын. Үйге барсам да миым әлі оқыған блогтарын өзінше қорытып, таразылап жүреді. Бір күн ашпаса жарылып кететін сияқтымын. Өткенде Абзал "осы уақытқа дейін 12 блог жазыппын" дегенде, өзім біраз блок жазыппын-ау деп ойлап қалдым. Саны бар, сапасы жоқ-ау деп ұялдым да. Мәнсіз, мағынасыз, жалықтыратын дүниелер жазсам ренжімессіздер деп үміттенемін.
Шіркін қазіргі жастардың, қазіргі қоғамның наркотигі осындай болса, болашаққа алаңдаудың қажеті шамалы.