Дәл қазір қымбат...

Дәл қазір қымбат...
жеке
блог

(... еленбей қалған елес бейне...)

 Шелектеген нөсерден соң,

Қалған «жердей» жүрегім.

Көңіл – кілем,

төсеп қойып,

Ары – бері ... жүремін.

Көңіліме сұр бұлт төнді,

жаңбыр жаумаса игі.

Желдей болып,

күлкі өрілді.

Мұңды айнала иірді.

Кетті қайғы алыс қашып,

сескенді де күлкіден.

Күлкі кетті,

гүлін шашып,

көңіл қалды бүлкілдеп...

Соғысы жыртық жүректің де,

тым жиілей бастады.

Ұзаққа бармас,

күн «күлкісі»,

Оралар қайға, саспайды...

 

Өмірдің бәрі бір сәттік ғана

Уақытты құры жіберме!

Керектің бәрін

жинап тезірек..

Өмір-бесікті кең тербе!

 

          Адамның азса ақылы

...Адамның азса ақылы,

Аузынан шығар арзан сөз.

Ой менен сөздің жақұты,

Ақылға телір нағыз бөз.

Көп көпірген адамның,

Аз білері ақиқат,

Ондай «арзан» адамды,

Акымақ та таниды-ақ...

Ақылың аз болса егер,

Қасқыр болып тусаң да.

Талпынбағын, ей, «біреу»...!!!

Көк бөріге ұқсауға!

Менменсіген адамның,

Іші кеуіп, жарылар.

Сараң, арам наданның,

Тауы бір күн шағылар.

Келгеннен соң адам боп,

Адам болып кету жөн.

Тағдырдың әр сыйына,

Қанағат қыл, үнсіз көн...

 

Еленбес  әрбір күнім мұң

Шығармын шыңға, құлармын құзға, өрмелеп қайта көрермін,

Іс бастайм десем, жаңаша, бөтен, соңымнан, сірә, ерер кім?!

Айтпайтын жанға айтпайтын сөзді айтып та жүрмін үмітсіз,

Кеше, бүгін де сол бір адаммын, келген соң жоқтан, сөзсіз өлермін.

Сондықтан маған дәл қазір қымбат, жұмақтан арзан бүгінім,

Біреуге жоқпын, біреуге бармын, біреудің, сірә, гүлімін.

Бүгінгі қолда бар алтындарым: иманым, арым, жандарым,

Сендерсіз өткен жылдарым тұрмақ, еленбес әрбір күнім мұң...