Көше тазалауға кеттім

Әр сембі күні жұмыстан соң анамның үйіне қызымды алып кетуге барамын. Барғанда сіңілім міндетті түрде сыпырғышын көтеріп алып сенбілікке кетіп бара жатады. Өзі Алғабас ауылының Алғабас орта мектебінде оқиды. Сенбілікке барлық оқушы қатысуы міндетті екен. Тіпті сабақты қысқартып, көше тазалататыны ашуымды келтірді. Иә, негізі тазалық сақталған дұрыс қой.  Кезінде біз де сенбіліктен қалмайтынбыз. Бірақ, тек мектебіміздің айналасын, спортпен айналысатын стадионды тазалататын. Немесе өзіміз тұратын көшенің қоқсығын жинауға атсалысатынбыз. Ал сіңілімнің мектебіндегі оқушылар  үлкен трассаның бойындағы темекінің қалдықтарын, көрінген көліктен лақтырып кеткен пакеттерді, мөшекпен тастап кеткен қоқысты жинатады. Қанша дегенмен оқушы ғой, ойнап жүріп жолға шығып кетсе оның өміріне кім жауап береді? Әлде бұндай жауапсыздық   бір қайғылы жағдайдан соң ғана тоқтай ма? Жергілікті әкімдікте ондай жұмыстарға негізі адам бөліп, айлығын беріп отыруы тиіс емес пе? Бұл деген  "Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтың" міндеті ғой. Алғабастың басынан бастап Арман аялдамасына дейін тазалату балалардың құқығын таптау шығар деп ойлаймын өз басым. Мүмкін,  кім білсін менікі де артық кетушілік шығар.



Бөлісу: