тақпақ

тақпақ
жеке
блог

Ұстаз

Көкейінде көп білім қамбасы бар,

Биіксіз,біткендей бір тауға шынар.

Тыңдаса  құлақ қанып, мол ақпарға,

Тегін-ақ түгесімес сауда ұсынар.

 

Бүлкілдеп көмей қозғала қалса,

Ақылға қанам аз ғана болса.

Әркімге әдеп,ілтипат жасар,

Жақсылар менен әз даналарша.

 

Дидары әне, күліп келеді,

Жылытар сөзі суық денені.

Әуезов басқан баспалдағымен,

Қамзин ұстаз жүріп келеді.

 

Алаштың  ақсақалы құды Ахмет,

Тектілердің  тұрпаты боп.

Қарақтар мені сөксенде мақұл,

Қамзин профессор бір факультет.

 

Талантты танып тұнық көздерден,

Сөйлессек,мінез-құлық өзгерген.

Шәкіртеріне шуағы күндей,

Шала таныстар суық сезгенмен.

Кетпей ақ уақыт кейін,уақыт бұрын,

Кеш келседе кеудеме жақұт жырым.

Жақсылардың жалғасқан шапанындай,

Ұстаздан  тәлім алғам,бақыттымын.

 

КазҰУ-ге бағыт алды көш керуенім,

Үкілеп ұшырған соң өскен елім.

Анашым балан келеді Алматыдан,

Ұстаз көрдім, мен демек бос келмедім!