Көптен күткен жаңалық!!!)

Сәлем, Достар! Сіздерге сілтеме беріп жүрген "Екпін" онлайн-журналын енді үлкен жұртшылыққа таныстырудың сәті түсті. Көптен күткен баспасөз мәслихатын өткізбекшіміз! Массагеттіктерді арнайы шақыруды жөн көрдік:) Сонымен 22 ақпан күні сағат 11:00-де Саяси шешімдер институтының клубында өтетін баспасөз мәслихатында сіздерді қонақ ретінде күтеміз. 

Мүмкін сол жерде жақынырақ танысармыз)

Баспасөз мәслихатында:
- Қазнеттің бос сегменттері; Рунеттің lifestyle жобалар тәжірибесі.
- жобаны желіде жарнамалау әдістері. Жаңа шешімдер.
- контенттік жобалардың монетизациясы жайында талқылаймыз.

Спикерлер:
Бекежан Кембаев - Yvision.kz блог-тұғырнамасының коммерциялық директоры
Әлішер Елікбаев - “Мега” СОСО PR бөлімінің басшысы, Voxpopuli.kz жобасының басшысы
Амангелді Сейітхан - «Хабар» ұлттық агенттігінің журналисі

Сондай-ақ "Екпін" командасы: мен, Айнұр, Әлия.  

Сіздерді төмендегі адрес бойынша күтеміз:
Алматы қ., Төлебаев көшесі, 38 (Мақатаев көшесінен төмен), «Жетісу» БО, 3 қабат (жаңа қанаты), конференц-зал.



Егер қызығушылық танытсаңыз осы мақала астына пікір қалдырыңыз немесе 8701 201 99 83 телефоны арқылы  келетіндігіңіз туралы хабарласуыңызды сұраймыз. Бұл не үшін қажет? Сізді блогшы немесе журналист ретінде аккредитациядан өткізу үшін.



Бөлісу: