Массагет!!!Айқара аш есігіңді...

Массагет!!!Айқара аш есігіңді...
жеке
блог

Сәлем,Массагет!!!Өзіңе жазба жазудың сәті түспей жүргені... тіркелгеніме қанша уақыт болса да өзіңе бірде-бір жазба жазбаппын(уақыт өте келе ол кемшілігімнің орнын толтырамын).Алғашқы жазбамды неден бастарымды білмей дал болып отырғанымды қарашы...Махаббат,жоқ күзден бастайын ба?!Ойыма жақсы ойлар түсер емес.Қорқыныш та бар... Егер өзгелерге ұнамай қалып,қатты пікірлер айтса мен не істеймін,қолыма қайтадан қаламды қалай ұстаймын?!Санамдағы сан сауалдарға жауап табу тым қиын,жан-жақтан анталаған жау секілді миымды қармап алғандай ,дел-сал күй кешудемін.Ойым шашыраңқы,бастайын десем эммоцияға қарай ауытқи беремін.Laughing

Массагетке жазған блогтарды оқып таңданатынмын,пікірлер де орынды.О-О-О-О!Массагет демекші менің массагетті оқып тұруым,сайтпен таныс болуым бір жанның арқасында.Ақылын аямайтын менің группаласым...«Кедей екенмін» деп досының көп екенін қаперінен шығарып алған,Массагет десе алып ұшатын,тіпті біздің «ҚЖ-15» тобының Қаржы министрі болып кеткен ,туған күндерде сыйлықтарды ұсынып тұратын,кей-кезде мұңайып,кейде қатты қуанып кететін,езуінен күлкі кетпейтін,кейде қабағына қар жауатын,оқудың алғашқы күндері астананың қай бұрышына қандай автобус баратынын,көшенің не ғимараттардың қайда екенін көрсетіп,жөн сілтеп жіберетін, «Экология» сабағы десе ішкен асын жерге қоятын(негізі бәріміз сондаймыз))))))))))))),волейболдан факультеттің намысын қорғайтын,шыдамсыз кезінде бұртиа шыға келетін,Астананың аруы,есілдің еркесі-Айгерім.Сырттай қарасаң басқаша,жазбаларына қарасаң байсалды,ақыл тоқтатқан,ел ағасы немесе домалақ ана секілді ел данасы боларлықтай,тағылым мен тәрбиеге толы массагеттің мастері деп Айгерімді танимын.Айгерім айтқан Массагет...Сайттың дизайны жақсы,қазақилығы қатты ұнайды,әр түрлі айдарларын оқып керек пен деректі ұштастырып көңілге тоқып алуға болады.

Бұл жазбамен айтар ойым бітпек емес...Қолымды мезгілінен кеш сермедім деген ой мен ештен кеш жақсы деген ой бір-біріне қарсы шығып жатқанын-ай!..Әттең деймін,өткенім есіме түссе...Неге  мектеп қабырғасында жүргенде балалар газетінің тілшісі болуға ұмтылмадым,неге сайттарға мақалаларымды жариялап отырмадым...Неге кеш ояндым...FrownБілім дауылы құйындап келіп соғып мені жағаға шығарғандай,бірте-бірте дүниенің мән-мағынасыын түсініп қалған сыңайлымын...Тақырыптан ауытқи беремін бе?Ия,ауытқып барып қайта оралайын ендеше.Массагет!Саған жазған алғашқы жазбаммен мақтана алмаймын,дегенмен сендегі деректер мен керек жағдаяттарды қаперімде ұстауға тырысамын.

Сөз соңында,өзімді таныстырып кетпеппін ғой)))))))))))Келесі жазбамның тақырыбы осы болсын,тарқата айтатын көп ойлар бар....