МАХАББАТ-сыйлық адамға

МАХАББАТ-сыйлық адамға
жеке
блог

    Махаббат-сыйлық адамға

Өтседе талай күндер, талай апта

Күн кешемін әзірше қарап артқа.

Аш көздікті ұмытып жүрегімді,

Үйретейін одан да қанағатқа.

 

Қолда барда алтынның еш қадірі жоқ,

Лаулады от, кезінде еді-ау ол шоқ.

Жүрегім махаббатқа аш боп  жатыр

Бұрын оған жүретінді болып ол тоқ.

 

Махаббат сый секілді пенделерге,

Сыйды алдық ағайын сенде, менде.

Жүрегімде із қалды, жара қалды

Қазір іздеп отырмын оны емге.

 

Кім ұнатпас сыйлықты, махаббатты

Сен үшін жұрт ұрып жатса шапалақты.

Қайта-қайта сыйлықтың керегі жоқ,

Махаббатта ұмытпайық қанағатты...

        Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН