Түкірік - жер бетіне түспей қатқан

ТҮКІРІК... Мына сөз қанда-аа-ай жиіркенішті еді... Күнде көріп, көзім талып, лоқсыған қам-қарекетім осы сайтан атқыр "түкірік" тақырыбы жазба болып, парағыма біткелі отыр... Айтпасқа амалда жоқ.Қарапайым адамдар күнделікті күйбең тірлігін кешіп жатыр, кешсін мейлі... Бақытты өмір сүрсін... Шалқып-тасысын... Қайғы-мұң олардың көлеңкесінде қалсын... Бірақ, қоғамды ластамасын!Мен Қазақстанды болашақта оқ бойы озық тұрар, дамыған мемлекеттердің үздік үштігінен көргім-ақ келеді... Алайда, «оқу-білім», «ізденіс» деген ұғымдар өз алдына бөлек әңгіме... Біз осы мәдениеттен жұрдай болып бара жатқанымыз жоқ па?...

Алматының бар көшесін шарлап, жіпке тізбей, күнде түзу барып, түзу келген көз үйренген жол- ҚАЗҰУ қалашығын айтайын... Жасыл-желек ағаштар, гүлзар бәрі де бар... Дегенмен, қазақ жігіттерінің шырттай киініп, әдемі  сөйлегенін бұзатын бір-ақ нәрсе бар.Ол- «ТҮКІРІК». Қасыңда тұрып күбірлеп, жүйелі әңгіме айтады-ау бірақ, түкіруді ұмытпайды ғой... Жер-анамыз емес пе? Мен мұндай әрекетті өз анасының бетіне түкіру деп білем... Өткенде, құрбымды Оралға шығарып салуға пойезд күтіп тұрған едік, екі ұзын бойлы жігіттің қарасын көрдім... Жанымызда тұрып, бір-біріне пәтуасыз, балағат  сөз айтқаны былай тұрсын, түкіруден шаршамады.Оны тағы сорайған аяқтарымен ысқылап сүртіп, тағы түкіреді, сүртеді, аяқ тепкілеп тағы түкіреді... Одан да доп теуіп, ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРСЕ ҒОЙ...

Дәл қазіргі таңда, еңсемді тік көтеріп, жерге еңкеймейтін болдым. Бұл тағы көкірек екен демеңіздер!Жер-ананы қор қылып, тұрған ақ көбікті көргім келмегендіктен... Массагеттіктердің 90%-ы жастар.Мен бұл жазбамен қазақ жігіттерін қаралап, жазғырғаным жоқ.Ой салғым келді. Недегенмен, ЕСТИЯР АДАМДАР ҒОЙ... Әзірге осы...

 



Бөлісу: