Е...

Студенттік өмір басталғалы Алматы дейтін шаһардың түбін түсірдік! Әрине, түп түсіру деген төте мағынасында. Секіріп, айғайлап, билеп, ойнап! Басқаша, анау айтқандай: театр, бақ, жағалау, күндізгі серуен, музей емес,ол көзіне көзілдірік таққандар баратын жер деп семірдік! 

Клуб біткеннің іші қазақтың қыздары мен ұлдары. Еуропа мен Азия ойына келгенін істеп жатқанда біз қалысамыз ба?! ааа...әәәә солай ғой...мммм. Оқып отырып іштерінен солай, солай деп отырғандар болса айтарым жоқ... 

Е...

Қала. Көше. Түнде түнек.Қараңғы,
Айғай. Шуыл. Бұрыш-бұрыш қалтарыс.
Нәпсің улап дәрменсіздеу санаңды,
Қашу. Қорқу. Құтылу мен жалтарыс.

Тықыр.Тықыл. биік өкше жүрісі,
Сүйретілген жеңіл аяқ табаны.
Ағасы-мас, насыбайда інісі,
Бастарына көтеріп жүр қаланы.

Жарқ-жұрқ. Жылт-жылт. Түнгі клуб жанып тұр,
Ырғақ арбап ырғатып мәз беліңді.
Сұлу бикеш жалаң етің жағып тұр,
Мініп келген жігіттерге « геленді».

«Ангар» аңғал үй емес қой есепсіз,
Ортасы ол күлкі, сайқы-ма-зақ-тың.
Бойы суық, дәмі ащы төсек сыз,
Үсті жалын, оты шарпып тозақтың.

Тамшы терің салқын іздеп даладан,
Сені өзіне жетектейді бикешім.
Ағытылған екі түйме жағадан,
Оған әкеп « салфетканы» сүйкесін.
Содан кейін ада қалар би кешің...

Сенің терің іздеп шықты өзге тер,
Түнді жалғап таңды атырып қайтуға.
Сыртыңнан тек бақылайды өзгелер,
Оңай болып «өсек» арттан айтуға...

Көкпар енді. Ақ лақ емес бойжеткен,
Күреңде емес көлік біткен мінгені.
Ал, төбелес! Аяусыз –ақ ой неткен, 
Бойларына жібергендей бүргені. 

Бірін –бірі соғып жатқан ол-қазақ,
Төбелесті бағып жатқан ол-қазақ.
Бикешіңде билеп жүрген-ол қазақ.
Мас боп бірін сүйреп жүрген ол-қазақ.
«Ангар» болып күйреп жүрген ол-қазақ,
Біріге алмай сиреп жүрген ол-қазақ.
Жаңалық деп жаршы қылған ол-қазақ.
Оқып күлген, ақ құлақ пен көк көздер,
Көк көздерден қалмай күлген ал, қазақ,
Көк туыңа жағылатын ол-мазақ! 



Бөлісу: