Аждаһа мекенінің елестері. Аударма.

Қарлығаш көңілді әрі әдемі қыз еді. Атына-заты сай,айналасындағыларды өзінің алаулаған балғын жастығымен қуантып,кең далада ойнақтақтағанды жақсы көретін. Қазіргі тілмен айтсақ-аурасы өте тамаша еді. Ата-анасы,інісі,екі сіңілісі мен әжесі,ол десе-ішкен астарын жерге қоятын. Әкесі шопан болып жұмыс істейтін. Әйелі мен балалары ол кісінің ең сенімді көмекшілері еді. Барлығы,түтіндерін түтетіп,барға разы болып,қарапайым өмір сүріп жатқан еді.

Әдеттегіден тыс,бір-ақ нәрсе болатын. Ауылдан онша ұзақ емес жерде,әжелері Аждаһа мекені деп атап кеткен,бір жұмбақ аймақ бар еді. Қарлығаштың дүниеге келуінен он жыл бұрын,соғыс біте салысымен Семей қаласының маңындағы кең далаға ,әскерилер мен әскери техникалар қаптап келе бастаған. Ауыл адамдары мұндайды бұрын көрмеген. Ядролық полигонының құрлысы басталған екен.

Бұның бәрі сол кездегі,кеудесіне нан піскен КССРОның басшылығының әрекеті еді. 1945 жылы бүкіл халықтың әкесі Сталин жолдас,зұлмат соғыста немістердің сағын сындырып,жеңістің буына мас болып,әскери қимылдарды жер шарының батыс бөлігіне ауыстыруды шындап ойлай бастаған. Әрине таяудағы одақтастарына қарсы. Оған бұл туралы, Бонапарт болғысы келетін маршал Жуков қайта-қайта айтып, құлақ етін жей беретін.Аздан соң ,шынымен де сандырақ болып көрінген бүкіл әлемдік төңкеріс идеясы жүзеге асатын тәрізді көрінген. Бірақ көсем әліптің артын бағуды жөн санаған. Ал Хиросима мен Нагасаки біржолата ұмытуға себепші болды. Атом бомбасы оған күндіз де,түнде де маза бермеді. Қайтсе де америкалықтарды қуып жету керек болды.

Қайткен күнде де табысқа жету үшін аянбау керек еді. Сол үшін де полигон маңындағы Қазақстанның облыстары мен Алтай аймағындағы тұратын халықтың қауіпсіздігі ешкімді ойландырмаған.

Біраз ауылдар шұғыл түрде көшірілді, ал бос қалған орасан зор аймақты тікенек сыммен қоршап"Кіруге болмайды" деген жазуларды жиілетіп іліп тастады. Күштеп көшірілгендердің қатарында үш баласымен Қарлығаштың әжесі,жесір Гүлсім де бар еді.Ол кісіге өте қиын тиді. Күйеуі соғыста опат болған . Өзі жалғыз ,үйшік те сала алмады. Қойлармен бірге қотанда қыстап шықты. Әйтеуір балаларын интернатқа орналастыпып үлгеріп еді.

Мейірімді адамдар табылып,келесі қысқа дейін жертөле салып берді. Кіп-кішкентай екі терезесі бар. Аз да болса өмірі жеңілдеп қалды. Бірақ балаларын сағына берді,олармен жазда ғана көрісетін еді. 

1949 жыл да туған. Ғалымдар жанталаса жұмыс істеді. Америкалықтардан ұрланып алынған технологияларға қарамастан табысқа деген сенім жоқ еді. Лаврентий Берия,сол кездегі арнайы атомдық энергияны тексеретін арнайы комитеттің бастығы, жоба жетекшісі Игор Курчатовты,егерде табысқа жетпесе өз қолымен атып тастауға уде берген еді. Бірақ бәрі де ойдағыдай болды! 1949 жылы 29 тамызда ұшы-қиырсыз кең далада,дүр сілкініп,алып аждаһа оянды. Әуе толқынының соққылары үйлердің қалың қабырғаларын быт-шытын шығарып, ауыр әскери техникаларды мақта ғұрлы көрмей шашып тастады. Жан жаққа шашылған от жалыны ондаған шақырым маңайды күйдіріп түсірді. Сұмдық одан кейін басталды,"өлім сәулелері" радиация дәуірі туды. Сталиннің дегені болды. Ол сол кезде білді ма екен,бұл атом бомбалары әлемді шарлап, көрінгеннің қолында кететінін. Кім білсін.

Аждаһаның бүйірінде өмір жалғасып жатты. Гүлсімнің үлкен ұлы Мағжан әскерден келді. Үйді үлкен қылып қайта салды. Сол үйде Нағима екеуінің үйлену тойы да болды. Бір жылдан соң жас жұбайлар шілдехана жасады.Өмірге кішкене қыз келген еді.  Сәбидің шырылдап жылағаны соншама,арнайы шақырылған молда "әнші болады" екен деп сәуегейлік жасады.

Ал байғұс қазақ даласында ойға сиғысыз жарылыстар жалғаса берді.  Бірінен кейін бірі жарылған бомбалардан жер тітіреніп жатты.Жарылыстардың сәулесі күннен де жарық еді. Сынақтардың алдында әскерилер келіп ,жәшік-жәшік арақтарды алып келіп,түсіріп кететін. Жарылыстан кейін ішіңдер деп кеңес беретін.

Үйден шығуға  және алып саңырауқұлақтарға қарауға тиым салынатын. Бірақ күйелеген шынымен қарамаған адам жоқ. Қарлығаш та қарады. Қызық қой!

Адамдар басында сынаққа түскен қояндар екендігін сезген жоқ. Кремльдегі басшыларға деген сенім шексіз еді,ол кезде. Бірақ, Аждаһа адамдарды бірінен кейін бірін жалмап жұта бастады. Радиацияның асқындап тұрған шағы еді.

Құбыжық болып туылған балалардың қатары көбейді. Үлкендердің де бір сауы жоқ. Қорқынышты да түсініксіз"рак" деген сөз үйреншікті бола бастаған.

Ең қызығы-халықтың үнсіздігі еді! Басқыншылар ,солтүстік америкадағы ақ өңді калонизаторлардың үндістерге істегенінен де зорын көрсетті.Бірақ мұнда жым-жырт.  Басқа жақта болса,мысалы Сталиннің қол астындағы Еуропа немесе сол Американың өзінде болса, керемет бір айғай көтерілетін еді. Ал мұнда-тыныштық!

Ақырындап Семей қаласы жаман атаққа ие бола бастады. Ұлы әрі күшті Кеңестер Одағының қай жерінде болса да, Семейлікпін десең бітті,елдер маңайыңнан қаша бастайтын. Әсіресе мәскеуліктер . Ал үкімет ұшақтары бұл қарғыс атқан өлкеге ешқашан да жақын ұшпайтын. Тіпті он шақырым биікткте де.

Зұлым Сталиннің сүйегі баяғыда қурап қалған. Бөспе Хрущёвте  тақтан тайған. Ал жарылыстар болса жалғаса берді. Бірақ 1967 жылдан бастап жер астында.

Тек сексенінші жылдары ғана Олжас Сүлейменов халықты ядролық полигонды жабуға көтеріп, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаев 1991 жылы Аждаһаның мекенін жабуға бұйрық шығарды.

Бірақ бұған дейін әлі алыс еді. 1975 жылдың жазы болатын. Қарлығаш Семей қаласындағы пединиститутқа түсті. Осында өзінің махаббатын кездестірді. Қарғыс атқыр полигон мұнда да өзінің қанды  шеңгелін салды. Тұңғышы Мұқтар ақ қан ауыруымен ауырып туды. Оның күндері санаулы еді. Қазір ғой,шетел ғалымдары қап-қап ақша үшін емдеп көруге тырысатыны.  Жүзден біріне ғана ем қонса да. Ал ол кезде....

Нәзік әйел жаны мұндай күйзеліске шыдамады. Сәбидің өлімінен кейін жынданып кетті. Жындыханада ұзақ уақыт емделді,бірақ жазылмады. Күйеуі де тастап кетті. Әке-шешесі келіп, Қарлығашты үйге алып қайтты.

Бұрынғы әдемі келіншек адам танымастай өзгерген. Өмірі қою тұман ішінде адасқан адамдай өтіп жатты. Бір қатты боран соққан түні Қарлығаш үйде жоқ болып шықты. Кішентай Мұқтардың өліміне бір жыл толып еді.

Біраз күннен кейін әскерилер жергілікті милицияға бір әйелді әкеліп салды. Сақшылар атом бомбасы жатқан шахтаның аузында ұстап алған екен. Бұл Қарлығаш болатын.  Денесі күйіп-жанып, жөтелге тұншығып жатқан еді. Басқаша болуы мүмкін емес еді. Өйткені боранды күні жалғыз көйлекпен шығып кеткен болатын. Біраз күннен соң Қарлығаш қайтыс болды. Ал сақшы болса,кезектен тыс он күндік демалыс алды. Ол демалыстан қара бұлттай түнеріп оралды. Түсінен әлгі әйелдің өңменінен өтетін жанары кетпей қойған екен.

Оқиғалар шиеленісе түседі. Әлгі демалыстан келген сарбаз бірінші кезекшілігінде ақ жұртты дүрліктірген көрінеді. Түнде автоматында оғы тауысылғанға дейін атыпты.  Сөзіне қарағанда аяғы жерге тимей жүріп, ақ киінген бір әйел жақындап кеген екен.

-Бұл сол әйел-,деп өзөуреді сарбаз,ешкімге бой бермей... Оны дәрігерлер алып кетті. Одан кейін оны мұнда ешкім көрмеді.

Жарылысқа байланысты неше түрлі қауесет бар еді. Бұл адам бейнесіндегі құбыжықтар, жел полигоннан әрі соққанда ғана жарады екен.  Өздері радиоактивті газдардың әсерінде қалмас үшін. Ал халыққа не болатынына олардың түкіргендері бар. Бір күні жел бағытын шұғыл өзгертеді де,радиоактивті бұлттарды әлгі құбыжықтардың апанына тура бағыттайды. Біздің "батырлар" дамбалмен қашқан көрінеді. Бұл менің ойымнан шығарғаным емес. Әлгілердің бірге алып кетуді ұмытып кеткен сарбаздан естідім.

Әйелдің елесі болса Семей қаласы жолдарына ауысты. Көптеген жүргізушілер оны көрген екен. Жүргізуші деген ырымшыл халық, кеш батысымен жол жүруге қорқатын болды. Байқамай  әлгі елесті көре қалса ,көлікті тоқтатып,шыға сала далаға қашатын болған. Немесе қыс болсын,жаз болсын жерге жата қалып,құлақтарын басады екен. Тоқтамасаң бір бәлеге душар боларың анық. Мысал деген жетіп артылады. Басқа да үрейлі елестер пайда бола бастады. Бір бірімен жалғасқан,жартылай түссіз ,балалардың ойыншығына ұқсаған шеңберлер. Шеңбердің ортасында жарқыраған қызыл шарлары бар. Жұрт олардан әйелдің елесінен де жаман қорқатын. Оларды көргендер бұл өмірде көп аялдамайтын. Бұл менің айтқандарым Аждаһалар мекенінің  болымсыз бір бөлшегі ғана. Әлі күнге дейін күлі ғана қалған қу далада тыныштық таппаған полигон құрбандарынық елестері кезіп жүреді деседі. Бұл зұлматпен күресу де оңайға түскен жоқ.

Ештеңе де мәңгі емес. Аждаһа да ажал құшты. Бірақ қаншама жанды уландырып үлгерді.  Олар үшін ескерткіштерден көрі әрине өтемақы алу маңыздырақ. Бірақ биліктің мазақ қылып берген 300 доллар көлеміндегі емес.

Ал өтірік ғылыми конференциялар өткізіп,полигонның зияны жоқ деу дұрыс па? Мал екеш мал да өзі тәрізділерге аяушылық сезімі бар ғой. Ал адамдарға аяушылықты Алланың өзі дарытқан! 

 



Бөлісу: