Қайсар жігіттер

Қайсар жігіттер
жеке
блог

25-қазан  ҚазҰУ факультеттерінің арасында мини футболдан сұңқар кубогы сарапқа салынды.Жарыс өте жоғарғы деңгейде өтті,жеңгендер қуанып, жеңілгендер өкініп кетті.Жарыс барысында қызық жағдай болды,журфак және геофак арасындағы ойында есеп бірде-бір болып аяқталып,ойын ережесі бойынша ойынның соңында пенальти болды.Геофак 6:5 есебімен жеңіске жетті,бірақ ойын ережесі бойынша ең аз нәтижиемен жеңілген комманда келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі бар болатын.Осылай журфак келесі кезеңге өтті.Келесі кезеңде жеребе тасталды, журфак ойыншылары геофак пен тағы бір топқа түсті,тағы екі комманда арасында кездесу өтті,бұл жолы журфак студенттері ерлік жасап геофак ойыншыларын жеңді.Төреші сықырығы естілді,сол сәтте геофак ойыншылары жанжал тудырды,өздерінің жеңілгендерін мойындамай жарыс ұйымдастырушыларға шағым жасады,ақыры екі комманда үшіншірет кездесу өткізбек болды.Бұған төрешілер заң бойынша қарсы болды ,бірақ ойын өтті бұл жолы тағы журфак ойыншылары жеңіске жетті.Осылай ойын аяқталды барлығы журфак студенттерін құттықтап оларға сәттілік жолдады.Ослай журфак жарыста үшінші орын алып ,өз факультеттеріне сый жасады.