Бақытқа баршаңыз лайықсыз!

     Қашанда көңілді қалыпта,күліп жүр! Әр күннен жаңа нәрсе үйрен!Ән тыңда... Ән сал...Мүмкін,дауысын қаттырақ қоярсың... Енді,билегің келер! Онда билейік...

   Күлімдеген адамдарды көру қандай бақыт! Күлгеніңде сенен әдемі адам жоқ! Сенбесең айнаға қарашы! Сен жассың! Жігерің мен күшің тасып тұрған кез осы...

  Әрекетсіздікті артта қалдыр!

  Әр нәрсені жүрегіңе жақын алып, қобалжуды,қорқуды таста!

  Сен туралы өзгелер не ойлайтынын да ұмыт!

   Бір сәтке өзіңмен ғана қалшы!

   Жылап та ал,таразылай келе күліп жібересің!Әдемі сәт!

   Жаның барда от болып жану керексің, шоқ болуға хақың жоқ!

   Мен, Сен,Ол – адамзаттың барлығы да бақытты болуға лайық!

    Бақыт бар! Оны жоқ дегендерге сенбе! Бақыт жолында күрес!Армандарыңды әрекетке сал да, ақиқатқа айналдыр!

    Қысқа ғұмыр...Туғандарың мен достарыңды құш! Әлемдегі ең үлкен сыйлық – махаббат! Жүректегі жылы сезімге оран!

    Әр таң жаңа өмір бастауға берілген мүмкіндік...

    Бақыттың уақыты дәл бүгінгі күн,дәл осы сағат,дәл осы қалпың!

     Досым,жақсы нәрсені ниет ет!Сөзсіз ол орындалады!

     Мейірімді Алла сабырлыларды ұнатады!

Сезесің бе, барша жылулығым мен қолдауымды,өзіңе достық қолымды ұсынамын!

Арманға,бақытқа,күн шуағын шашқан биік тауға бірге шығайық...

 

           Керемет кез! Біздер неткен бақыттымыз,иә?



Бөлісу: