КҮТПЕГІН МЕНЕН КЕШІРІМ

КҮТПЕГІН МЕНЕН КЕШІРІМ
жеке
блог

 

Түзде,

Жырақта жүрмін шалғайда.

Күзге,

Естелік кетті қалмай да.

Ізде,

Жаныңнан алыс бармай да.

Бізге,

Салуға бір ән болмай ма?

Бізге,

Айырылуға да болмай ма?

 

Гүлдін,

Хош иісі болған аруым.

Түннің,

Жұлдыз бен Айы,қаруың.

Күннің,

Қызуы сынды жануың.

Кімнің,

Ақ шыңы болдың тауының?

Кімнің,

Көркін кіргіздің бауының?

 

Тасып,

Жатқан жоқ менің сезімім.

Қашып,

Естігім келмей есімін.

Басып,

Сүйген шығармын несі мін?

Ғашық,

Айқара ашты есігін.

Асып,

Тимеді маған кесірің.

 

Бақытты ғұмыр тілеймін саған,

Бірақта...

Күтпегін менен ешуақытта да кешірім.

              АРМАН ҚҰДАЙБЕРГЕН