Ойлама мені

Ойлама мені
жеке
блог

Ойлама енді-ойлама енді сен мені,

Лайық емессің жүрекке мынау мендегі.

Сен өзің алдын жаралап кеткен жүректі,

Жақында ғана бір ару келіп емдеді.

 

Ойлама енді көңілін бұзба баланың,

Сені ойласа ашу қаптайды жүрегінің жанарын.

Себепкері жалғыз ғана-жалғыз ғана сен оның,

Жасап жатыр басқа ару қазір оның ем-домын.

 

Ойлама енді көңілін бұзба баланың,

Жаңа өмірге басты ол енді қадамын.

Енді ойламағын өткен күндер келмейді

Келсін мейлі жүрегім, бұрынғыдай сенбейді.

 

Ойлама енді ойыңды бұрғын басқаға,

Білесің менде бір сезім жатыр бастала.

Ұмытып сені, ұнаттым өзге аруды,

Қалаймын қазір жанына соның баруды.

 

Қош болғын енді бұрынғы менің сұлуым,

Сезінгін сенде басқа бір жігіт жылуын!!!