Сен мені сүйесің бе?

Сен мені сүйесің бе?
жеке
блог

 

Сен мені сүйесің бе, қыс, көктемде?

Іздейсің бе алысқа мен кеткенде?

Мен сені сүйеді екем өмір бойы

Сені ойлаймын көктем келіп өткенде.

 

Сен мені сүйесің бе жаз бен күзде?

Жырақ кетсем сен менен үміт үзбе.

Мен сені сүйеді екем өмір бойы

Сағынамын сені жаным жүрсем түзде.

 

Сен мені сүйесің бе дауылдарда?

Қарсы тұрар ма едің жауындарға?

Сені жаным сүйеді екем өмір бойы

Қарамастан жауынға дауылдарға.

 

Сен мені сүйесің бе қартайғанша?

Көрік кетіп жүзіңнен әр тайғанша,

Сені жаным сүйеді екем өмір бойы

Қолдан қуат, бойымнан әл тайғанша.