Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен қалдым, жаралы жүрегіммен... 2-бөлім

Мен қалдым, жаралы жүрегіммен... 2-бөлім

Мен қалдым, жаралы жүрегіммен... 2-бөлім

Осы чемпионаттан ойыма түйгенімді айтайын.

Қытайдан, яғни Қытайдың атынан келген қазақтар көп. Алдында айтқан 4 значоктың біреусін «ғашығым» берді, жалғыз біреу ғана бар екен, қалғанын қазақ бауырымыз берді, рахмет. Данияр ¼ финалда шыққанда 12-ші секторда бір аға «Данияр, алға! Данияр, алға!» деп айқайлады. Шын жанкүйер. Сәлден соң бір қытай спортшы зу етіп соның жанына барып отырды. Екеуі сөйлесіп отқан соң қасына барып, әлгі ағаға «Ана кісіге айтыңызшы, бейджигін тыға салсын»-десем, «Өзіне айтсай, түсінеді ғой,  тек Қытайдың атынан келген ғой»-деді. Кешегі финалда бір үлкен аға, үстінде Чайна деген жазуы бар киім киген, ары-бері қарап біреулерді іздеп тұр, жанына барып: Excuse me, your friends there,- десем, «Жоқ, қазір мен достарымды іздеп тұр едім» дейді қазақша. Достарын көрсетіп сол жаққа жібердім. Ұялғаным-ай. Бауырларымызды ажырата алмай... Шынымен, Қытайда қазақтар көп екен және қытайлардан аумайды екен.

Қазақстандық көрермендер туралы. Көбінде мәдениеттілік жоқ. Бәрі емес. Бір айтқаныңды мың рет айтқызатындар болды. Финалда абонементпен кіргендердің абонементтерін жинап алып, сырттан тағы да бірталай адамдардарды кіргізгендер болды. Бәсе, келген адам көп, ал орын жоқ.  Ресейге жанкүйер болғандарды түсінбедім тіпті. Мейлі, өздері біледі, бірақ мен дәл спортқа келгенде оларды жек көріп кетемін. Білмеймін. Бәлкім, тарихты қатты оқып қойған болармын. Бір кездердегі киіз үйді «Жилье бомжа казаха» дегендері көңілімде қатты қалып қойған шығар. Әйтеуір, жеңіліп қалғандарында жаным кірді. Мені кіналамаңдар, өзім өзіме сотпын.

Боксшыларымыз жарады. Жарайсыңдар! Бірақ біразы бар күштерін салып ойнаған жоқ сияқты көрінді маған. Бокстың жетінші күнінен бастап көрдім. Солай.

Әзербайжандық жанкүйерлердің Иван құлағанда, сол керек деп, боқтап боқтап жібергендерінде біздікілер атып тұрды. Жаман қорықтым, күзетші ағайға барып айттым. Біраз уақыт  бір-бірлерімен текетіресіп тұрды, ана жерге СОБРлар қаптап кетті. Басылғанында ғана жүрегім орнына түсті.

Аналар-ай!  «Баласы атқа шапсаанасы үйде отырып тақымын қысады» деген мақалдың қадірін жартылай финалда түсіндім. Данияр шығып жатқанда ең жоғарғы қатарда бір апа қолын бұлғап шақырып тұр екен. Басында елемедім, сосын қайтадан қарасам, әлі тұр. Жүгіріп барсам, «Балам, мен Әділбектің мамасы едім, қазір балам шығады, жүрегім қысылып тұр, төмен түсірші» деді. Қолтығынан демеп, түсірдім. Дірілдеп зорға түстік. Менің жүрегім де жаман ауырып кетті. Анасы қандай сезімде болды екен. Ашық жерге апарып отырғызып, суын әкеліп бердім. Жылап, дұғасын қайта қайта оқып, дірілдеп отырды. Ойбай-ай, ауырып қалмаса екен деп қорықтым. Бүкіл жұрттың көзі бізде. Алдында біздікілер шыққанда жұрттардың камерасын аңдып тұратынмын, бокс көрмей. Әділбек шыққанда анасы үшін Әділбектің жеңуін шын тілеп, шын жанкүйер болдым. Жеңді. Мамасының қуанғанын көрсеңіз! Баласы ғой енді! Есіме мамам түсті, мамамды құшақтағым келді сол уақытта. Сағынып кеттім.

Кешегі финалда Әділбек күміс алғаннан кейін, мамасы келді маған. Келіп бетімнен сүйіп, арқамнан сипады. Жуамыз артынан деді. Жүзінде қуаныш. Мен де қуандым. Хе, содан кейін таппай қалдым, ықық.

Қыздарға осы оқиғаны айтсам, "Келінім қылам демеді ма?"-деп тиісіп жатыр. "Құрсын, қызы бар ғой"-десем, "Ниче, главныйы, мамасына ұнасаң болды" деп қояд, аххаха, қудыық))

Енді ұйымдастырушылық  жайында. Спортшыларды тек екі бұрышқа ғана емес, бос орындарға отырғыза беру керек еді. Өз елдеріне жанкүйер ғой енді олар да. Жақыннан көргісі келеді. Көбі риза еместіктерін айтты. Менің бар жауабым: What can I do?

Бөтелке алып кіруге болмайды екен. Бір бразилиялық ағаға болмайды десем, мен кірер кезде қойып кетіп, шыққанда алатын арнайы жер бар ма? Көрсетші маған деп ұрсып берді. Ондай жер жоқ қой. Ұялып кеттім. Әжетханасында не қағаз жоқ, не сабын жоқ. Ұят-ай. Асханасында шәйі мен кофесі 100 теңге. Самсасы 200 теңге. Ұят-ай.

Шаршадық, қатты шаршадық. Аз ғана қалды, шыдайық деп жүріп, кеше қимай-қимай кеттік. Достар таптық, неше күн бірге жүрдік, бірге қайттық, күнде келетін көрермендерге, спортшыларға бауыр басып қалдық. Ертеңнен бастап баяғы өміріміз басталады. Бірақ кереметтей естеліктер қалды есте. Рахмет! Боксшыларымызға рахмет, көрермендерге рахмет! Жанкүйерлерге рахмет! Бірге жұмыс істеген волонтерларға, секьюритидегі ағаларға рахмет! Оқыған сіздерге рахмет! Мінсіз ештеңе жоқ. Өз деңгейінде өтті. Тағы да болса екен, тағы волонтер болғым келеді. Ағылшын тілін таңдағаным дұрыс екеніне тағы көзім жетті.

Көріскенше, күн жақсы! 

27
Рейтинг: +6

Автор: Yerke Smaghul
Жазылған уақыты: 28 қазан 2013, 00:35
Тегтер: бокстан AIBA әлем чемпионаты, волонтер

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.