Швецияда тұратын 85 жасар Нинни Хангстен есімді көзі соқыр кемпір қартайса да ұшаққа мініп парашюттен секірмекке бел байлапты. Ол қасындағы үйретуші ұстазбен бірге 2600 метр биіктіктен секіріп, жерге аман есен түседі. Осылайша әжеміз табанды жаттығу мен үлкен тәуекелдің арқасында барлық қиындықты жеңуге болатынын іс жүзінде дәлелдеп берді.