Махаббат - адам жанының нәзік сезімі..

   Сол баяғы махаббат... махаббат... сегіз әріп, бір арман.

   Дүниедегі барлық адамдар осы махаббат атты сезімге тәуелді секілді. Махаббат атты сезімге ренжулі, тіпті махаббатты жек көремін, оның бар екеніне сенбеймін деушілер аз емес. Нағыз махаббатты өмірінде кезіктірген адам саны өте аз деп айтуға болады. Кішкентай кезіңнен басталатын осы сезімнің орны қалай болғанымен өте ерекше. Ата-анаңа, достарыңа, іні-қарындастарыңа, отаныңа деген махаббат, қыз бен жігіт арасындағы махаббат. Шын сүйетін жандар күннен күнге азайып бара жатыр. Көңілдің дерті міне осы жерде жатыр..

   Сүйемін, бір сен үшін отқа да күйемін, жанымды беремін деген сөздер мүлдем ойыншыққа айналған секілді бұл заманда. Өміріңнің соңына дейін бір адамды сүйіп өту өте ерекше құбылыс. Ондай адамды бұл дүниеден іздеп табу мүмкін емес шығар. Не дегенмен осы махаббатқа байланысты қуанышты сәттерге толы хикаялар бар. Жастардың барлығы дерлік кәрістің хикаяларын сүйіп қарайды. Ол қаншалықты шынайы екені белгісіз. Ол киноларлардағы махаббат шынайы өмірде бар ма екен.. Бар ғой әрине, алайда, өте сирек кездеседі.

   Махаббат- адам жанының нәзік сезімі, асыл мұрасы. Ғашық болу өте әдемі сәттердің бірі. Махаббатпен адамның күллі тіршілігі байланысты. Махаббат- адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі. Махаббат өмірдің мәні, жұпар шашқан гүлі, тамылжыған ән-жыры. Біреуді сүйсең, сені сүйсе, не сен сүйіп, сені сүймей,сенің жүрегіңде үміт оты жанып тұрған болса, бұл да махаббаттың бір бөліктері. Солай екен деп мұңлы күй кешіп жүрген қаншама адамдар жүр. Әркімнің өз хикаясы бар. Тындасаң, мүлдем бір – біріне ұқсамайды екен. Махаббат өмірдің мәні, жұпар шашқан гүлі, тамылжыған ән-жыры.

 



Бөлісу: