Қиямет немесе өзімшілдік монологі

Қиямет немесе өзімшілдік монологі
жеке
блог

Жанталасқан жанын сақтап пенде өмір,

Перзентімін сол пенденің менде бір.

Сегіз қиыр дөңгеленген түгесті,

Шу мен айғай ал, басталды елде дүр.

 

Он сегіз мың ғалам біткен қимайтын,

Бір тыныс бар кеудеге үміт сыйлайтын

Үміт өшіп, тыныс бітіп жұтылып,

Бара жатыр қауызына бидайдың.

 

Үрлеп ұрып жердің жыра, жел сайын,

Аямады! Еріңді де Меңтайын!

Ұлыларды алып жатқан қойнына,

Желмен ұшып бара жатыр Кеңсайың!

 

Ұлы дала боздап жатыр ботадай,

Тау үгіліп, тас жарылды оп-оңай.

Ақырзаман осы екен деп кетті әне,

Сипап қана ақ сақалын атам-ай!

 

Бұрын соңды ешкім көзбен көрмеген,

Бұрын соңды ешкім бұлай « өлмеген».

Жан айқайын адамдардың шыңғырған,

(Естіп қана бір тасада мен келем!).

 

Заман соңы осы болса егерде,

Келмей кетсек дүниеден кемерге,

Ұлы Құдай! Адамзаттың әкесі,

Өзің берген шабыт оған көнерме...

 

Өзім аңсап өзім ғана көксеген,

Өз көлеңкем өзі бақыт шексе екен.

Бәрін таса қалдырмайтын О, Құдай,

(Абайсызда мені ұмытып кетсе екен...)