Төрт
блог
Төрт
Төртқараның Сексенімін руымнан,
Төрт мезгілмен жылынғанмын,суынғам.
Төрт шумақты өлеңдерді шимайлап,
Төрт жолынан қаншама ойды ұғынғам.
Төрт жасымда балалықпен жылағам,
Төрт жасымда ата-әжеме ұнағам.
Төртке бөліп түн ұйқысын анамның,
Төрт бұрышты керуетімнен құлағам.
Төрт жылменен өткеріп,төрт көктемді,
Төрт сыныппен бастауышым шектелді.
Төрт мұғалім тілек айтып ұсынды,
Төрт бұрышты баға толған беттерді.
Төрт жылдан соң,достарым ет,сыйласым,
Төрт досымда,төрт адамдай сыйласын.
Төрт қаланың,төрт қызымен танысып,
Төрт қыз болды менің құрғыр қимасым.
Төрт сыныпқа тағы төрт жыл жалғадым,
Төрт жылымда қала еді,арманым.
Төртте мініп пойызына Жамбылдың,
Төрт күн жүріп сан мекенді шарладым.
Төрт тәуліктің үшеуі өтті осылай,
Төрт күн жүріп шаршадым ғой,құрсынай.
Төрт бұрышты жастық берші мызғиын,
Төрт сағаттан кейін келші достым-ай.