Көріп, бағалап жіберіңіздер!

Көріп, бағалап жіберіңіздер!
жеке
блог

Дәл бүгін Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті екеніме қатты қуандым! Бүгін осы оқу жылындағы алғашқы бағдарламамыздың  үшінші санын бітірдік. Былтыр ақпараттық бағдарлама ретінде университетімізде болып жатқан жаңалықтардан апта сайын хабар жасап шығарып тұрған едік. Оны биыл 1-курсқа түскен тәлімгерлер жалғастырды. Ал бізге жетекшіміз Шынар Қалиаждарова апайымыз портреттік бағдарлама түсіру туралы тапсырма берді. 

Алдымен группамыз 2 топқа бөлініп екі аптадан жұмыс жасадық. Мен екінші топтамын. 1-топқа берілген кейіпкер - филология ғылымының докторы, профессор Бауыржан Жақып ағай. 

Менің тобыма берілген кейіпкер - "Алаш айнасы" газетінің бас редакторы Серік Жанболат! Массагеттің де кеңсесі орналасқан "Алаш айнасына" барып, түсіріп, сұхбат алып қайтқанымыз өз алдына, бағдарламаны жасау процесі де қызықты болды! Ұрыстық та, керістік те, айқайладық, күлдік, қуандық, әйтеуір нәтижесі жақсы болған сыңайлыLaughing 

Кейіпкеріміз Серік ағайдың өзіне де көрсетіп, кеткен кемшіліктерімізді қайта түзеп, сіздердің де назарларыңызға ұсынып отырмын. Қатты сынауларыңызды өтінем! Smile

P.S. Титр жазылатын флажоктың талғамсыз таңдалғанын білемін:)