"Ұйқым келмейді"

"Ұйқым келмейді"
жеке
блог

Міне, Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» әңгімесін оқып та бітірдім. Аз да болса, сарқылмас сәттер мен эмоцияға толтыра жеткізе білген қаламгердің аталмыш шығармасына тоқталсам деймін.

Нақтылай келгенде, әңгіме - жазып отырған қаламгер түсінен басталады. Иә, жападан жалғыз қалып, сүрініп кеп құлаған жазушы көз алдында тұманда адасқан қыз-жігіттердің бірін-бірі таба алмай жүргендерін айта суреттейді. Және сол адасқан күйді өзімен терең байланыстыра күрсінеді.

Ен далада құлап, орнынан тұра беріп тұманда бір таныс, дегенмен жұмбақ бейне көргендей болып, сыңарым екен деп, ұмтыла береді. Қолдарын ұстап, бейтаныс жанды тани алмай дал болып, небір қыздарға теңеп, әйел затының сұлулығымен тамсанса керек. Алайда, басты мәселе ол емес... Ең түйткіл жайт қаламгер түсіндегі оны тұншықтырмақшы болған бала... Бірақ, ол кім бала?... Мәселе міне қайда жатыр...

Ұйқысы қашқан қаламгер әйелінің тәтті ұйқысына қарамастан, жанында отырып, терең ойға батады. Ол ауыл тыныс-тіршілігін бар қырынан сипаттап, ауылына барғандағы ең қымбат ұстаздарына бас имей шықпайтынын баядаудан бастайды. Ауылда өзіне ыстық көрінген бар жақын-жолдастарын ерекше ынта-жүзімен еске алып отырған көрінеді.  

Жазық далада томаға-тұйық отырғанында «Өрнек» деген ауылды еске алады. Әрине, бұл ауылда қаламгер жанын жарылқаушы, жақсы көрген ақ тілекшісі – Бақыт есімді қыз тұратын еді. Әңгіме жазушы мен жұмбақ қыз арасындағы інжіл шақтардан өткен сезім туралы... Екі жастың бозбалалық жасап жүрген сәттері туралы... Бұл сезім, оларға таңғажайып сапарға шыққандай сезім болатын... Бұл сезім, оларға беймәлім ертеңді аңсайтын шақ секілді көрінетін...

Сол сезім түйсіктеріне жауап бере алмай, мәңгі ажырасқан қызын ойлап, Жеңісхан (қаламгер) қатты қынжылады.

Әйелі сыр берместен әлі де тәтті ұйқыда болса керек. Ал Жеңісхан күнделігіне келесі Бақыттың үйіне барғандағы сезімін бөлісе жаза бастайды.

Ұлы сезімге ие болған жастардың талай жылдан кейінгі кезекті кенет кездесуі әсте таң қаларлықтай болды. Себебі, көңілі қалған Бақыттың жүзінде енді бала әлпетінен гөрі мінез-құлқы ерте есейінкіреген болатын. Ол барлық жағдайға салқын да самарқау жүзбен қарап баққан. Алайда, мұңға толы көзімен Жеңісханға сол кезіндегі жазған хатын ұсынады...

Хат қыздың жігітке деген реніші мен қалған көңілі...қаяусыз, қаймықпастан күдер үзбей күтіп, тағдырының қайғылы болғанын баяндап, Жеңісхан сәбиінің дүниеге келгенін хабарлаған-ды. Дегенмен, жігіттің бар нәрседен кеш қалғанын түсіндіріп... Сол түні алты жыл бұрын қыз қалып, жігіттің кеткенін еске алып отырып, қаламгер күнделік жазуын аяқтайды.

Әңгіме қаламгердің түн ортасындағы ностальгия сезіміне душар болған шақты көрсетеді. Құрылымы жағынан О.Бөкей портрет жасауында кейіпкерін барынша мұң-мұхитына бойлатып алып барып жазуы, бұл жазушы шеберлігі деп ойлаймын. Ол шығармасындағы адам бейнесін, болмысын романтикалық, философиялық тұрғыдан бейнелей білген. Оқып отырсақ, оқырман жанын баурап алатындай, құпиясы бар тәрізді. О.Бөкейдің жазу стиль ерекшелігі де осындай қылып жеткізу қасиетінде болса керек деген ойдамын...