Кастинг! Кастинг! Кастинг!

Кастинг! Кастинг! Кастинг!
жеке
блог

Амансыздарма массагеттік достарым! Хал жағдайларыңыз қалай? Менде барі жақсы, сол қызу жұмыс. "Болашағымыз үшін!" деп жүгіріп жүрген бір адам. Сіздерге хабарландыру айтайын деп мен де массагетке көз сұқтым. "Балапан" телеарнасы кастинг жариялады. Жаңа бағдарлама "Ойлан тап" деп аталады. Ол бүлдіршіндерімізді еңбек сүйгіштікке үйрететін танымдық бағдарлама. Бағдарламада кішкентай көрермендер  үлкендердің көмегінсіз өз қолдарымен белгілі бір дүниені жасап , оны экран артындағы балаларға да үйретеді. Кастингке жүргізуші қыз бала 8-11жас арлығында.  Және де қатысушы балар  қажет(жастары маңызды емес). Қазақ тілінде еркін сөйлеуі  міндетті. Қапы қалмаңыздар!