Балаға да, жасқа да

Балаға да, жасқа да
жеке
блог

-         Сіз «1» санын білесіз бе? Білсеңіз түсіндіріңізші.

-          Біріншіден,  «бір» деген -  ол бір.

-         Түсінбедім.

-         Енді ол екеу емес. Жалғыз өзі, біреу- ақ дегенді білдіреді.

-         Жарайды. Жарайды. Ендеше мен айтайын.

Сандардың көшін бастаған бірдің орны бір төбе.

Оза шауып басқадан бірінші болу мәртебе.  Енді әрі тыңдаңыз.

 Сан болған соң ең басқы,

 біріншінің болады синонимі алғашқы.

  Және, бастаушыға айтылар тұңғыш сөзі бар тағы.

 Түп-төркінін сезіне мән-мазмұнынын біл оның.

 Тырнақалды сөзі де осыларға синоним.  Енді ары қарай.

  Жанын ұқпас бөтеннің менмен адам кез болар,

Антонимі екеудің жалғыз деген сөз болар.

-         Рас-ау. Қызық екен.

-         Тағы бір синоним. Бір болғанмен суат та, жайылымы танабы.

Бөрте ешкім егіз туад та, ақ ешкім жалқы табады.

-         Айпырым-ай я? Яғни жалқы.Алғашқы. Тұңғыш.Тырнақалды. Жалғыз.Бәрі өз орнымен бір санын білдіреді. Осының бәрін қайдан білесің? Кім үйретті саған?

-         Атам үйретті. Ал енді екі санын, үш санын және ары қарай  білгіңіз келе ме?

-         Бұл керемет екен. Атаң мазамды алма деп қуып жібермей ме? Баламды алып барсам жақсылап сусындар едік.

-         Атама барудың қажеті жоқ. Арасанбай Естеновтың еңбектерін алып оқысаңыз біле бересіз. Күнделікті электроника заманы бәріміздің миымызды жаулап алған жоқ па?  .Мысалы, сіз бүгін қандай өрелі іс істедіңіз?                                                                                                                                                                                                                                 -  ?..

-         Жарайды не істедіңіз. 

-         Компьютерден жаңалықтар оқыдым.

-         Содан...

-         Сол кезде кешегі орыс сериялындағы орыстың актері бар еді ғой. Соның баласы табылыпты бір жерден соны оқыдым.

-         Орынды, орынсыз ақпарат  көп. Көздің жауын алады. Құлағың шулайды.Оның бәрін қай миыңа құя бересің? Ең соңында орын таппай жүрегіңді лоплытып, басыңды айналдырады.  Басыңда ештеңе қалмайды. Бізде қандай қасиеттер бар екенін де білмейміз.  Яғни адами қасиеттер. Арасанбай атам айтады бізде үш қасиет бар деп. Ыстық қайрат, жылы жүрек, нұрлы ақыл. Тәлім еткен ұлы Абай үш қасиет бұл, батыр.- дейді. Жылы жүрек- мейірің, адамзаттың жаны бар. Ізгілікке бейімін жүрегінен танып ал. Ыстық қайрат-ол басты сенімің мен жігерің. Нұрлы ақылды жолбасшы компасым деп біле бер. Иә, барар мақсатыңызды ақылмен қарап алмасаңыз, адасуыңыз мүмкін. Ақылымыз осыдан кейін компас емей немен? Ал, Асанбай ата айтқан ыстық қайратты қайдан аламыз? Ыстық қайратсыз ерлеріміз мүжіліп, қыз сияқты сықылдап күліп, өсек- аяңға, киім кешекке көп көңіл  аударып барады-ау осы. Кеше көгілдір экраннан   бір әнші жігіт өзіне қыздардың қандай ойыншықтар сыйлағанын, көйлектерін қайдан сатып алатынын айтқанда осы ойлар мазалады мені. Ал оны оқыту керек. Керексіз ақпараттар миды улап, жас баланың ақыл есін тұмшалап көр соқыр қылмай тұрғанда оқыту керек. Ер азамат қандай болатынын. Қандай батыр бабаларымыз болғанын кішкентайынан балалар тілімен оңай қызықтыра жазылған тарихи тілашар әліппемен оқыту керек.

-         Ойпырым-ай я, тарихи тілашар әліппе деймісің?

-         Ия. Ол да Арасанбай  атаның еңбегі. Бүкіл батырларды, хандарды, абыздарды, зиялыларды, ақын-жазушыларды, ғалымдарды жазған, балаларға түсінікті болатындай етіп өлеңмен өрнектеген кітабы бар. Онымен қоймай түсіндірме сөздік сабағымен балалар біле бермейтін «сарбаз, сардар рота, взвод, полк, абалақ » сияқты сөздерді түсіндіріп өтеді.   Ал ара-арасында сұрақ- жауап сабағы арқылы балаларды қызықтыра отырып; мысалға, Отырардың көне атын, соғыс кезіндегі ұшақтың  атын, тіпті шахматтағы шахтың атына дейін үйрете өтеді. Мен есейген бала болсам да, көп нәрсені осы атамның кітабынан білдім. Көп айтыла бермейтін Иманжүсіп Құтпанұлы, Қошке Кеменгерұлын, Мұхамеджан Тынышбаев, Насихат Сүгірұлы т.с.с ұлы адамдар және репрессия туралы да балалар оңай жазылған тілмен түсінік ала алады.

-         Ойпырым- ай я, мынау бір мектеп қой.

-         Рас, ағасы, тауып айттыңыз.Бұл - үлкен мектеп. Бұл ғана емес, бұл мектептен сіз әдептілік әліппесін де оқи аласыз. Әліппе болғанда көңілді ырғақпен балалардың миына әдеп жолын оңай құйып беретін әліппе. Мысалға бой жазу туралы, сусебезгінің пайдасын, тазалық туралы. Атам айтқан: «Екі уақыт күніне тісімізді жуамыз, маңайлатпай біріне, тісжегіні қуамыз».- деген сөзден кейін-ақ немереңіз тісін айтпай-ақ өзі жуар.

-         Ия, көңілді әрі сергек.

-         Кішіпейілділік, қайсарлық, орнықтылық, өрелілік, үміткерлік, табандылық, ыждағаттылық, парасаттылық туралы көп ата-ана айта бермейді. Соның бәрін атам оп-оңай ойнақы түсіндіре кетеді.

-         Ойпырым-ай я, мына кісі  үлкен ұстаз ба?

Ал сіз қалай ойлайсыз. Асығыңыз ағасы. Ұлы ұстаздан тәлім алайық! Ерлік деген не екенін, адамдылық, қаиеттерін білетін көңілі ояу, дені сау азамат тәрбиелегіңіз келсе, Арасанбай атаның кітабын алып оқытыңыз. Отанымыздың болашағын құратын жас ұрпақтың миын улатудан сақ болайық!