Сағым жылдар, сенде бір арман, сенде бір жалған..

 Астананың суығына тағы қосылып бүгін қар жауды. Ал мен терезенің арғы жағынан ағылған ұлпаларға қарап отырмын. Эххх.. Оқудамын, үйімді сағындым. Ауа-райынан да суық адамдар, желден жылдам таралып жатқан жалған сөздер әбден шаршатты. Шіркін, бойымдағы бар реніш,қиын күндер осы қар секілді жауып үлгермей, жерге сіңіп кетсе екен..

     Осыдан бірнеше жыл бұрын қар жауса далаға асығатынбыз. Құлап-сүрініп қол тоңғанша ойнап, аққала жасап, әйтеуір үйге қайтқымыз келмейтін . Ол кездер де өте шықты. Енді міне, өткенді еске алып, Еркін Мәуленнің әнімен бірге мұңаюдамын..

 Сағым жылдар...

 Балалық көктемім, қарайлап өткенін, аңсаумен еске аламын..

 Сағыныш-ай, сағыныш-ай, сенімен бірге толқиды жаным менің...

 



Бөлісу: