Сенім ....

Кейде өмірден құлазып еш нәрсе ойлағымыз келмей, өзімізді терең тұңғиықтың тұнығына батырып жібереміз. Сол сәтте кішкентай кезімізде құлап, тіземізді жырып алғанымыздай, өмірдің асау атынан құлап, тіземізді емес, кір шалмаған нәзік жүрегімізді жаралап аламыз. Кейде тіпті оны ешқандай дәрі емдеп жаза алмайтындай көрінеді бізге. Мойымаңыз.. Алла тағалам біз өте алмайтын  сын жібермейді бізге.... Біз әрқашан оны ұмытып, өзімізді ауыр ойлармен мезі қыламыз. Сондай сәттері Аллаһтың бар екенін естен шығармау керек. Басыма қиыншылық түссе, мен одан ешқашан арыла алмайтындай, сол қиындықты мәңгілік арқалап жүретіндей сезінем... Бірақ, белгісіз біреу мені итеріп, алдыға қарай тартқыштай береді. Біреудің мені демеп жатқанын байқасам да, тоқтап қалған кездерім болған. Бірақ, ары қарай жылжуға мәжбүр қылам өзімді-өзім. Мені белгісіз рух итерсе, алдымнан бұлыңғыр болсада бір болашақ көріп, өзімнің армандарымды көріп зырылдап жүгіріп кете жаздаймын, тіпті кейде, уақыттанда асып, жүгіріп кетіп қала жаздаған кездерім де болады. Бірақ, тоқтатам өзімді-өзім. Ал,  сүрінсем, қайта тұрып жүре алмай көп қиналамын. Өзімді алдыға қарай итере алмаймын. Бірақ, осындай Алланың сын сағатында маған көмек беретін бір нәрсе бар.Ол менің сенімім, дінге деген, Жаратушыға деген сенімім. Ол сенім әрқашан менімен бірге жүреді.Ол сенім бар кезде, мен сүрінсемде құламайтынымды, құласамда, еш жерім жараланбайтынын білемін. Өйткені, менде сенім бар. Үлкен сенім бар. Ол сенімді жоғалтсам, мен өзімді де жоғалтатынымды білемін. Жоғалтқым келмейді, керісінше Алланың бізге берген сыйының шексіздігін іштей сезіп, оны қазіргіден көбірек білуге тырысып, алға қарай қадам баса беремін. Әрқайсысымыздың жүректерімізде осындай сенім болғай! 



Бөлісу: