Massaget.kz ҚазҰУ журналистерімен кездеседі

Massaget.kz ҚазҰУ журналистерімен кездеседі
жеке
блог

Достар, блогшымыз Жадыра Аққайыр жазып өткендей, ертең әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде өздеріңізбен кездесу өткіземіз.Smile Кездесуге журналистика факультетінің студенттері қатысады. Қызығушылық танытып отырған басқа қолданушыларымызды да елдің айнасы болар болашақ тілшілер құшақ жая қарсы алуға дайын. 

Кездесу ұйымдастырушысы: журналистика факультетінің оқытушысы Ай-керім Әлімжан.

Кездесуде портал қызметкерлеріне көкейлеріңізде жүрген сұрақтарды қоя аласыздар. Өздеріңізді толғандырып жүрген қазақ интернетінің түйткіл мәселелері де кездесу назарынан тыс қалмайды деп сенеміз. Қызықты да, келелі, салмағы бар кездесу болады деген үміттеміз.

Массагет барлығыңызды асыға күтеді.

Өтетін уақыты: 24 қазан (2013 жыл), сағат: 10:20

Өтетін жері: ҚазҰУ, журналистика факультеті, 3 қабат, 3 үлкен зал

Айтпақшы кездесу барысында байқау ұйымдастырамыз, байқау шарты оңай, бар болғаны порталымызды жіті қадағалап, оқып отырыңыз. Жеңімпазға сыйлығымыз бар Cool