"Ң" жетімек емес еді...

Біз осы «Дархан халықпыз, кеңпейіл халықпыз»,- деп мақтанамыз.Көкірек керіп, әлемнің төрт бұрышын ұстап тұрғандай шерінеміз тағы... Өз тілімізде шүлдірлеген, төл тілінде сөйлеуге намыстанған кей қазақ жастарын көріп, һәм көңілің жабырқап, жүрегіңе сызат түскендей күй кешеді екенсің... Қазақ тіліндегі 42 алфавиттің ішіндегі нағыз қазақылығымызды танытар «Ң» деген әдемі әріпті айтуға ұяламыз. Өзгені қойшы, қолына қалам ұстаған небір жасанды талант иелері көп қой бізде... Көріп те, естіп те жүрміз. «Ң» әрпін қай жерде айту керек, керек еместігін білмей, шешілмес жұмбақтай өздері шатасып жатады. «Ң» әрпін еркін айта алмайтындай, нендей хәлге душар болдық?...

Қазақ тілінде «Ң» әрпінен басталатын «ҢӨҢ» деген жалғыз ғана сөз бар.Оны да әдебиет майталманы, белгілі сықақшы Оспанхан Әубәкіров «Айсберг» сөзінің баламасы деп ұсынып еді.Бұл сөзді әркім өз түсінігі бойынша қабылдайды екен.Мәселен, ауылдың жігіттері «ҢӨҢ» деген сөзді «КӨҢ» деген сөзбен алмастырады)). «ТОҢ» деп те айтып жатады.  Өз арамызда "Ң"-ды айтпас шалағайлар еркін сөйлей алмай жатқанда, радио мен телеарналардағы, әлеуметтік желілердегі  өріп жүрген қателіктерді айтып, жіпке тізбей-ақ қояйын...

 «Ң» жетімек емес еді... Оны жетімсіретіп, бөліп жүрген біз.Тілімізді бұрмалап, батысқа еліктеп, өзгенің қаңсығын таңсық көріп, көрінгеннің жылтырына әуестенсек кім болманымыз?...

«Ң» -ды айта алмайтындар, айтқысы келмейтіндер немесе қай жерде «Н», қай жерде «Ң» айтылу керектігін білмейтіндер: «Ң»-ға біткен кез келген сөзді айтып, жаттығайық, тіл сындырайық)).Алдағы уақытта, ыңқылдап қиналмай, ыңырсып болса да, «Ң» - ды айтып жүрейікші)).Әзірге осы...



Бөлісу: