Асқақ армандарымның бірі

Шіркін  көшпелі қазағымның ғасырлар бойы панасы-киіз үйдің құрылысы, құрамы  тамаша ғой. Көшіп-қонуға ыңғайлы. Керегесі, шаңырағы жай   ағаштан жасалғанменен, онда терең мән, мағына жатыр. "Шаңырағың шайқалмасын", "керегең кең болсын" деген мәтелдер де соның айғағы. Кім біледі кейін байып, қалтам қажетінше қалыңдап жатса қаланың қақ ортасынан киіз үй пішінінде үлкееен  мейрамхана ашып қалармын.(Арманымның  ауқымы шексіз ғой шіркін) Онда қазақтың ұлттық киімін киген тек қазақтың қара домалақ қыздары мен ұлдары жұмыс істейтін болады. Тек қазақтың еш халықтың тамағына тең келмес тағамдар әзірленеді. Қазы-қарта, жал-жая, құрт, ірімшік, куырдақтың, сірненің түр-түрі,  қымызбен, шұбатпен,сүт қатылған қою шаймен беріледі. Керегенің бәрі қазақтың баға жетпес оюларымен безендірілсе, шатыры үлкен шаңырақтың бейнесін суреттейді. Мейрамханың ішін  қазақ ұлтының  рухы, лебі шарлап жүреді.  Қазақтың дүбірлі Сүндет,Тұсаукесер, шілдехана, үйлену тойлары жоғарғы деңгейде, барлық қазақтың ұлттық салт-дәстүр талаптарына сәйкес өтеді.Бұнда тамақтанатын кісілер жер үстелге жайылған дастархан басында жастыққа шынтақтап жатып алып термелер, қазақтың жырлары, халық әндерін тыңдап сүйсінетін болады. Мейрамхана келген әрбір жанның патриоттық сезімі оянатсам деп армандаймын. Кім білсін, кейін Массагеттіктерді "арман мейрамханасына" шақырып жатсам таңғалмаңыздар 



Бөлісу: