Екі дос

Ертеде,Айдар мен Айбар есімді екі жігіт дос болыпты. Олар елден алыс мекенде,ормандағы бір ескілеу  лашықта өмір сүреді. Айдар  таңертен ертемен тұрып, тамаққа жарамды жемістер жинап әкелсе, Айбар түске дейін ұйықтайды екен.

Бірде Айдар мен Айбар балық аулауға барады. Сөйтіп Айдар  балық ауласа, Айбар суға шомылумен бар уақытын өткізеді. Түстен соң олар үлкен  олжамен қайтады, себебі қоржындарында балық өте көп. Енді оны пісірейін десе, оларда онша көп отын жоқ. Сонымен екеуі ақылдасып, Айдар отын теруге кетіп қалады. 1 сағат өткеннен соң, лашығына келсе Айбар от жағып балық жеп отыр екен, бірақ Айдар бұған ренжімеді. Өйткені досының қарны ашып қалғанын аңғарды. Ал Айбар болса, оған рахметте айтпай,қой дем алайын деп өз төсегіне жата кетті. Арада 2 жыл өтті.

Тағы бірде екеуі аң аулауға шықты. Бірақ олар осы күні келеңсіз жағдайға ұшырарын ойламады. Орман ішінде әңгімелесіп келе жатса, алдарынан бір жолбарыс шығады. Айдар мен Айбар не істерін білмей екеуі екі жаққа қашады. Айбар  бір үңгірге барып тығылып қалады, ал Айдар болса жаны ышқынып, әрең  дегенде құтылады. Сөйтіп кеш түсе лашығына оралса, Айбар тағы да дем алып жатыр екен, Айдар шаршаса да келе сала тамақ жасап, Айбарды оятты. Екеуі отырып тамақ жеп,қызықтарын жалғастыра кетті.

Тағдыр өз ізімен ала жөнеліп  10  жыл да өте шықты.  Екі дос болса әлі сол қалыптарымен  бірге өмір сүріп келеді екен. Күндердің  бір күнінде қарттық таянып, буыннан күш кеткенде, Айдар  үлкен дертке ұшырапты, ал Айбар болса сол баяғы қалпы уайым-қайғысыз күн кеше беріпті. Көп апта өтпей-ақ, Айдар ақыры бақилық болыпты, осы кезде өмірінде бірінші рет, Айбар жан жолдасын өлімге қимай қатты қиналады.

Арада 3 жыл уақыт өтті...

Айбар болса өмірдің не екенін енді түсініп, ақыры өз күшімен еңбек ете бастады, досының қадірін енді түсініп, сағынғанда қабіріне жиі баратын әдет шығарды. Бірақ амал не, тірісінде көрсетпеген жақсылығы үшін,өзегін өмір бойы бір өкініш өртеумен болды.



Бөлісу: