"Шынарым менің, шырайлым менің"

"Шынарым менің, шырайлым менің"
жеке
блог

«Шынарым менің шырайлым менің»

15.12.12.

21:58

Шыңғыс Айтматов повесі. Әсел атты кейіпкері бар мен білетін бірден-бір шығарма болған соң, тоғызыншы сыныптан бері іздеп, жуырда ғана тауып алдым. Әдеттегіше, көз жасымды көлдетіп отырып оқыдым. Тамаша екен. Әсел деген керемет қыз. Опасыздық жасаған күйеуі келіп, бар мән-жайды түсіндіріп айтқанында Әселдің орнында болсам кешірер едім. Әсел де сөйтер еді. Бірақ оған мұрша болмады. Хадишаны кінәлайын десең, ол да өкінеді. Сүйгені үшін жазықты емес. Мүмкін барлығына кінәлі «қатын Жантай» шығар. Әселге әңгіме тасымағанында барлығы бұлай болмас па еді?! Бәйтемір мен Ілиястың адамгершілігне сөз жоқ. Тек қу арақ кесірін тигізді. Сосын түсініспеушілік... Болашақтан қорқамын. Осы түсініспеушілік қаншама адамның түбіне жетті. О, Жаратқан, болашақ балаларымның әкесі екеумізге өте мол түсіністік пен өте мол махаббат нәсіп еткейсің (деп жазып қойыппын). Embarassed

 

22.07.13.

00:13

Театрдағы қойылымды сегіз рет көргеннен кейін, кітаптағы повесін екінші рет қайталап отырмын. Бұл жолы театрда былай айтылатын еді, мұнда былай жазылыпты деп әр сөзіне зейін қойып оқып отырмын. Бірер ай бұрын, бұрын назар аудармаған «Құда мың жылдық» деген сөздің шығу төркінін ойлап, таба алмап едім. Повесьтен де кездесті. Енді түсіндім... Құда бала құдашасын ала беретіні сияқты, бір-бірімен бірнеше рет құда болысып, құдалығы мың жылға жалғаса береді екен ғой...