Не болып кеткен?

  Сәлем достар! Массагеттің тұрғындарына сауалдарым көп. Бірақ, қай сұрақтан бастарымды білмей отырмын. Біреулерің жазғырып, біреулерің келісетін шығарсыңдар. Айтпасқа болмайды бірақ, ренжімеңіздер. Мағыналы, оқуға тұрарлық, пікір-талас жүргізуге келетін посттар мен блогтар қазір жазылмай жүр. Орнына "Алғашқы жазба" деп аталатын блогтар қаптап кетті. Ішінде жазба емес, тек өзінің тіркелгені жайлы жазылған бір-екі ауыз сөз ғана. Неге? Ол блогқа жатады ма? Блог деген адамды қызықтыратын оқиға, жаңалықтардан тұрмаушы ма еді? Сұрақтарыңыз болса форумға жазыңыздар, ол жерде қысқа сұхбаттар өтіп тұрады. Ал блог жүргізгілеріңіз келсе, өтініш әдемі жазба жазыңыздаршы!



Бөлісу: