Ғайып болдың ...

Ғайып болдың ...
жеке
блог

Бір туатуардың бойында кетіп бара жатырмыз. Мен алдыда, сен артта. Бірақ алдыңда кетіп бара жатқан аруды байқамайсың. Қарамайсың тіпті, аңғармайсың. Ойламағанда шығарсың "Кім болды екен бұл?" деп, бірақ мен ойлап келе жатырмын. Менің артымда келе жатқан жігіт мен туралы не ойлап келе жатыр екен деп... "Мына қыздың аяғының қисығын-ай" немес "Сылқымданбай түзу жүрмейме" деп келе жатқан шығар бәлкім, деп өзімді-өзім жегідей жеп, ауыр ойыммен арпалысып келе жатырмын. Арасында "Мына қыз кім болды екен, жүзін бір көрсем шіркін!" деп ойлап келе жатқан шығар деп, өзімді-өзім қуандырып қоям, жас балаша айқайлап күліп жібергім келеді сол кезде. Бірақ сенен ұялғаным болмаса.... өзімді-өзім әрең ұстап келе жатырмын. Байқаймысың? Бір мезетте көңілімді көтеріп, бір мезетте жүрегімді жабырқатып келе жатқаныңды? Байқамайсың... көңіл аудармайсың тіпті... Бар ойың, бәлкім кеше танысқан қызда болар... Немесе менің әдемі сыныптас қызым... Немесе менің мектептегі ең әдемі жан құрбым... Немесе кеше жәй байқап, көзіңнің қиығын ғана салып қарап өткен кітапханадағы қыз ба? Маған бәрібір.. сен не ойласаң да ... Маған маңыздысы мені ойым менің- сен туралы ойым, немесе қиялдарым.... Менің артымда кетіп бара жатып, бір мезетте менің жүрегімнің быт-шытын шығардың-ау! Әттең, сол жүректі қайта қалпына келтірер болсаң, кешірермін.. Бірақ, ол туралы ойлап келе жатқан жоқсың. Міне, бір мезетте бұрылдың да кеттің, ал мен сенің артыңнан бұрылғым кеп сол көшеге жүрегім жылап, қиылыста тұрып қалдым. Аяғым ұйып жүре алмай қалдым, тілім бүрмеліп сөйлей алмай қадым... Осы бір белгісіз сезімді басымнан өткеріп сен кетіп бара жатқан жаққа қасқиып қарап тұрып қалдым... Сен менің көз алдымнан алыстап барып, жоғалғанша менің бар ойым мен жаным сенде болды. Бірақ, артыңа бұрылып қарамастан кетіп барып, ғайып болдың. Осылай менің жүрегімнен де ғайып боларсың бір күні.