Монолог ® Фазыл Жандос

Монолог ® Фазыл Жандос
жеке
блог

Япырмай – ау, өзегім өртеңгелі

Ол да күтер көктемді, егіз бе еді?!

Алақанда жұмылған бар арманға

Құлағыма сыбырлап, сағым деді

 

Соққы, қайғы, мұңыма аласұрып

Жалғыздықтың дәмінен тойдым ұлып,

Жүрегім – ау жылайды қуаныштан

Келгені ме бақытым, қараш тұрып.

 

Жаныңнан шыққан өлең – жылы панаң

Көңілсіздік кім білер берген Аллам

Көз жасым да тұрмады жұмсақ сырғып

Ғажайыпты күтіп тұр бәлкім санам

 

Тербелер деп кім айтты өзге кімді

Естідің бе, бүгінім жарық түнді

Өзге түгіл ұнамас өзіме шын

Қазағымда жақтыртпас өлеңімді

 

Қолды созам сәулеге, ол алыстап                           

Кетіп барар сұр бұлтқа жөн табыстап

Ызғарлы қар, төбеңнен нұр көрінбей

Өзге елден ойым жоқ шын қалыспақ

 

Жұлдыздарға уақыт жоқ қарайлайтын

Ұмытылды бау – бақша аралайтын.

Өнерімнің шегі осы әлде сынақ

Баяғыдан бұл сұрақ мазалайтын

 

Ұмтылам деп ақшаға, жайсан іске

Кірді бүгін қу шабыт, қайран түске

Қолды бұлғап қимайды, келермін деп

Шайналады бармақтар кіріп тіске