Ерекше күн

Ерекше күн
жеке
блог

Мама!!!

Өзіңнен бастау алған өмірімнің бар тілегі өзіңмен ғана...

Өмір қуанышы мен қиындығын қатар алып жүретінін бұрын білгенмін, білсемде,  бүгіндері ғана жүрекпен  сезініп жүрмін-ау...

Тәніңе  батқан сырқатқа Алла ғана ем берер...

(Жаның әлі де жас...Өмірге ғашық ...Иә,өзің айтпақшы үш балапаныңның қызығын көру керексің...)

Менің қолымнан келетіні  жаныңнан табылып , әр күннің жарығында Алладан алақанымды жайып  амандығыңды тілеу!

(Мама,сенің мейірімің мен қамқорлығың,ақылың мен парасатың  жүрегіме арман ұялатып, алысқа жетелейді! Қиын сәттерді жұмыла жеңу керекпіз, берілмеу керекпіз деген сөздерің де сол  алыс Алматыда сабырға салады...)

 Ақ анашым, Ақ сүтің мен ақ батаңды ақтау парызым... Алдыңда қанша өтелмеген қарызым бар! Бәрі санамда... Бәрін білемін...Мама, бәріде екеумізге аян жүректе ғана...

Мен сен сыйлаған өмірді сүйемін! Сүйе беремін...

Себебі,сен барсың...

Бүгін ерекше күн... Сенің туған күнің!!!

Жүректің сөзі көп... Әрі қанша тырыссамда таусылмайтын сөздің,терең сезім мен өзіңе деген махаббаттың мөлшерін қаламым қағазға түсіре алмайды екен...

Кешегідей  ертең туарына сенемін!Әлемнің Күні-  Сенің риясыз күлкіңмен ғана бағалы. Мендегі бар байлықтың өлшеміде - өзіңсің!

Рахмет, Ана! Бар мейірімің мен махаббатыңа, маған жалғаған арманың мен жаныма берген жаһанның жан жылулығына...

Ыстық құшағымның жылуымен жолыңа әлем гүлдерінің сұлулығын сыйлар ем, толысқан тіршілікте тоғысар болсам алдымен атыңды атар ем, жан ана!!!

Маматай,бәріде өзіңнен алғаным,өзіңе арнарым!

Анашым, мендегі бар тілекті орындар бір тілек - Алланың шапағаты, Алланың махаббаты мыңдаған мұсылмандар арасында сенің де жүрегіне нұр шашсыншы!!!