Италияндық паста немесе арзанның сорпасы татиды)))

Джейми Оливердің аспаздық бағдарламасын көрмегендер аз шығар) Сондай бір бағдарламасында әйгілі аспаз Италияның бір шағын ауылына қонаққа барады. Сол жерде нағыз пастаның қандай болатынын айтқан еді. Сол рецептті үйде жасап көрмекші болып, білекті сыбанып ас үйге түстен кейін кіріп, кешкі жетіге бір-ақ шықтым)))

Паста (қамыры) үшін:

ұн - жоғары сұрыпты, 600 гр

 жұмыртқа - 6 дана.

 

Етті тұздық*:

өсімдік майы - 2 ас қасық

дәмдеуіштер: базилик, ас көк, горчица дәндері, куркума, көк пияз, паприка - 1 шай қасықтан.

ет - 300 гр.

тұз - 1 шәй қасық

су -2 кесе

 

Қызанақ тұздығы:

қызанақ - 700 гр

сарымсақ - 5-6 тілік (зубчик)

пияз - 2 дана

зәйтүн майы - 3 ас қасық

өсімдік майы -1 ас қасық.

 

Ірімшік (сыр) -моцарелла-250 гр. Негізі пармезан керек, таппадым еш. 

 

Сегіз адамға арналған мөлшерде алынды.

 

Бір - екі кеңес:

1. Қамырды илемес бұрын, ұнды електен өткізіп, ал жұмыртқаларды мұздатқыштан бір сағат бұрын шығарып қою керек. Електен өткізілген қамыр арасында ауа болады, демек үлпектеніп, жұмсара түседі. Ал мұздай жұмыртқаға қамыр дұрыс иленбейді.

2. Қамырды илеп болып, зуала қылып, аспаздық пленкаға орап, 2 сағатқа тоңазытқышқа салып қою керек. Сосын тағы бір сағаттай бөлме тепмературасында өзіне келтіріп, сосын барып жаюға болады))

3. Жаймас бұрын, айтпақшы, үлкен зуаланы кішкентай төрт зуала қып бөлдім. Сонда жұқа қылып жаюға әлде қайда жеңіл. 

2. Қазақ болған соң, тамаққа ет қоспасақ болмайды ғой))) Мен қой етін алдым. Сиыр не жылқы еті де керемет болады. Табаға май, майға дәмдеуіштерді сәл қуырып алып, сосын ет пен пиязды қуырса, дәмдеуіштердің хош иісі мен дәмі етке сіңеді. Етті дайын болған кезде тұздап, бір шай қасық қант қосу керек. Дәмі ашыла түседі.

3. Қызанақ тұздығын жасау үшін, қызанақты қабығынан аршу керек. Ол үшін қызанақтың түбін тіліп, қайнаған су құйылған табаққа салу керек. О-он бес минуттан соң қызанақ қабығы оп-оңай алынады.

 4. Зәйтүн майын қызанақ тұздығы дайын болған кезде құю керек. Сол кезде иісі мен дәмі сақталады. 

Ас дәмді болсын.



Бөлісу: