"Қарындас сөзінің мәні кеткені ме?"

"Қарындас сөзінің мәні кеткені ме?"
жеке
блог

21 ғасыр. Заман да, заман талабы да өзгеріп бара жатқаны бәрімізге аян. Қазіргі күні далада кетіп бара жатсаң, әкемізбен қатарлас, жасы үлкен ағаларымыздың жас қыздарға өткір көздерімен қарап, тіпті қарындас деп мысқылдап сөз айтатындарына жаным іштей ашиды. Қарындас сөзі үлкен мағынаға ие емес пе? Бір іштен шыққан, бауырлас жандардың арасында айтылатын қымбат сөз емес пе? Ал,қазіргі таңда қарап отырсаң, қарындас сөзінің мәні кеткен, ол сөзді тіпті күнделікті үйреншікті сөзге айналдырып алғандар да аз емес. Шіркін, осыны қазақ деген атаулы ағаларымыз түсінсе ғой. Күні бұрын бәрі-бәрі басқаша еді. Әке-ағаларымыз қыздарға сыйластықпен, мейіріммен қарайтын. Қазір заман мүлдем өзгерген. Тіпті беттері бүлк-етпестен жас қыздарға сүйсіне қарап,ауыздарының суы құрып қарайтындары бар. Соған беріліп, майысып қалатын қыздарымыз да аз емес. Есімізді жиып, жөнге келейік ағайын.