Сөз сиқыры »»»» Оймен бастап, қолмен тындыр!

Сөз  сиқыры  »»»»  Оймен  бастап,  қолмен  тындыр!

Сәлем  массагеттік  достар!   Өзіме ұнаған  соң оқығанымды  сіздермен де  бөліспекпін!

Жетістіктікті  шын  жүрегімен  қалаған  адамға   алмайтын  қамал  жоқ.Сондықтан  табыс  көзіне   апаруға  мүмкіндік  бермейтін  өсек-өтірік, дөрекі,  бейпіл,  ұрысқақ  сөздерден  аулақ  болыңыз!

«Егер  сондай  болғанда  ғой сөйтер  едім»,   «сол  болғанда  қатып  кетер  еді»,  «ондай  қайда  маған»   деген   сөздерден  аулақ  болыңыз!Мен  жетістікке  жету  үшін   мықты  кәсібім мен  тіреп  тұрған  танысым  тағы  басқа  болу  керек  деп  салыңыз  суға  кетпесін! Мейлінше мен  осыны  қалаймын,  мен  осыған  жетемін  деген  сөздерді  жиі  қолданыңыз!

Таң  атар-атпастан  өкпе –реніштеріңізді  айтудан  бастамаңыз, күліп  ояныңыз,содан  соң  күні  бойы  не  істейсіз  өз  игілігіңіз  үшін  соны  жоспарлап  өтіңіз!Түнгі  ұйқыға   жатар  алдында  да  ойларыңыз бен  сөздеріңізді  сүзіп  өтіңіз!  Мұңлы,  таза  емес  ойлар  мен  сөздерден  гөрі  жарқын  ойларды  бейнелеңіз!Таңертең  аттай  ұшып  тұрасыз!

Қиындық  туған  сайын  жігерлене  түс! Ешқашан  қолыңды  бір  сілтеп,қарап  отыра  берме!  Өмір  күрес  деп  текке  айтылмаған,  қиындықпен  күресе  білсең  ғана  жеңесің!

Егер  ұнаса  күнделігіңізге  де  жазып  алсаңыз  артық  етпес*)

 



Бөлісу: