Күз.

Күзгі жаңбыр, себелейді ақырын,
Айналаны, тұнжыр мұңға батырып.
Салмағына тамшылардың шыдамай,
Жапырақтар жиі үзіліп,  жатыр тым.

Лыпасыз қалған, қыздарға ұқсап қайыңдар,
Сұқтанған меннен, ұялғандай, жайың бар.
Иіліп төмен, бұтақтары майысып,
"Жалаңаш көрдің, дегендей мені"! ,уайымдар!

Теректер болса, көрмеге қойған сияқты,
Жалаңаш төсін, көрсетіп жинап ұятты!
Шыршалар жасыл, қарағай әке екеуі,
Өзгермейді ау бір, сипалап мұртын, қияқты.

Думаны кетіп, қара бұлт торлап, басқан ба?
Қарқылдан басқа, естілмейді дауыс, аспанда.
Әнші құстар кетіп, жайылған мұңға шыдамай,
Ажары кетіп, базары мүлде, қашқан да!



Бөлісу: