Кеткен кегімді қайтарамын...

Төрт жыл жырақта оқыдым, жазда үйге демалысқа келгенімде театр кезекті демалысына шығып кетеді. Біраз қойылымнан құр қалып, ішім күйіп жүр еді. Енді осындамын.
Биыл қазанның 17-інен Әуезов театры, 29-ынан Мүсірепов театры өз жұмыстарын бастайды. Күнде жұмыстан соң театрға барып, төрт жыл кеткен кегімді қайтармақпын 


Алматылықтар, қосылам деушілер бар ма, бір күн Әуезовке, екінші күні Мүсіреповке, күнде театрға баруды жоспарлап отырмын. 
Мен көрмеген қойылым қалмайынша жалғастыра берем. Қосылам, барам деушілерге бірге баруға қарсы емеспін



Бөлісу: